"Сауда-көлік компаниясы" ЖШС
"Сауда-көлік компаниясы" ЖШС
2.6

Оценка компании соискателями

50%

Кәсібилілік

55%

Сыпайылық

52%

Кері байланыстың жылдамдығы

51%

Тартымдылық индексі

"Сауда-көлік компаниясы" ЖШС

«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС 2006  жылғы 10 сәуірде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінің кәсіпорындарын уақытында материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуді жедел басқару және бақылау тиімділігін арттыру мақсатында құрылды.

Компанияның Құрылтайшылары болып «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (94,0982 %), «Қаратау» ЖШС (0,0001 %), «Қазатомөнеркәсіп – SaUran» ЖШС (5,3987%), «РУ-6» ЖШС (0,5030 %).

«СКК» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі кәсіпорындар үшін, олардың айлық өтінімдеріне сәйкес темір жол, автокөлікпен тасымалдау және жүктерді өңдеу қызметтерін жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта «СКК» ЖШС құрылымына кіреді:

  • Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент кентіндегі «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалы;
  • Қызылорда облысы Шиелі ауданында орналасқан «СКК-Шиелі» филиалы;
  • Шымкен қаласында орналасқан «Оңтүстік» филиалы;
  • Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Казатомсервис» филиалы;

Бүгінгі таңда компанияда 1301 жұмыскер жұмыс атқарады.

Бүгінгі таңда Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың уран өндіруші кәсіпорындары басты тұтынушылары болып табылады. Олар: «Қазатомөнеркәсіп- SaUran» ЖШС мен «РУ-6» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС еншілес кәсіпорындары. «Катко» БК» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» АҚ, «Аппақ» ЖШС, «Семизбай-U» ЖШС, «ОТХК» БК» ЖШС бірлескен кәсіпорындары.

Компания қызметін басқару және оның Қатысушыларының құқықтары мен мүдделері қорғалуына бақылау жасайтын келесі органдары бар:

  • Жоғарғы орган – Қатысушылардың Жалпы жиналысы;
  • Қадағалаушы орган – Қадағалаушы кеңес;
  • Атқарушы орган – Бас директор.

Компания қызметінің мазмұны болып келесі қызметтерді атқару болып табылады:

  • Өзге негізгі органикалық емес химиялық заттарды өндіру;
  • 1 категориялық стационарлық сауда объектілерінен өзге тұрғын емес жайлардың құрылысы;
  • Жолдар мен атвомагистральдар салу;
  • Құрылысты, қалпына келтіру, жөндеу және қолдану, халықаралық және республикалық маңызды жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарындағы  (учаскелердегі) ақылы қозғалыс, сондай-ақ оларды ағымдағы жөндеу және күту;
  • Ғимараттарды бөлшектеу және құлату;
  • Өзге құрылыс-монтаждау жұмыстары;
  • Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • Кең сұрыпты тауарларды саудалау бойынша агенттердің қызметі;
  • Автокөлік бензинімен көтерме сауда;
  • Дизельді отынмен көтерме сауда;
  • Жанғыш мазутпен көтерме сауда;
  • Өзге отынмен көтерме сауда;
  • Жүк теміржол көлігі;
  • Автобустармен тасымалдау;
  • Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
  • Егіннен өзге тағамдық емес тауарларды қоймалау және сақтау;
  • Темір жолдарды пайдалану;
  • Жүктерді көліктік өңдеу;
  • Көлік-экспедициялық қызметтер;
  • Меншіктегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың компаниялар тобының шеңберінде кіріс  алмай кешенді материалды-техникамен   орталықтандырылған   сатып алуды  қамтамасыз етіледі.
  • Серіктестікпен белгіленген тәртіпте алынған әрекет етуге рұқсат беретін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері.

Компания құрылған күнінен бастап, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың уран өндіруші  кәсіпорындары жүйесін басты тауар-материалдық құндылықтармен үздіксіз қамтамасыз ету және жеткізу үшін бар күшін салып, өзінің барлық бағыттағы мүмкіндіктері мен шегін кеңейте отыра, батыл дамып келеді.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар