«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ
0

Оценка компании соискателями

0%

Кәсібилілік

0%

Сыпайылық

0%

Кері байланыстың жылдамдығы

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ

«Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде құрылды. Зауыт салу туралы шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы қаулысымен қабылданды. Зауыт 2009 жылдың 25 қарашасында пайдалануға берілді.

АКЦИОНЕРЛЕР: Wabtec transportation engines holding B.V. (50%) және «TMH International» AG. (50%)

ЗАУЫТТЫҢ ЖАЛПЫ АУМАҒЫ: 27,4 га.

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ: 2008 жылғы қаңтар.

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ: 2009 жылғы тамыз.

ЖОБАЛЫҚ ҚУАТЫ: магистральді тепловоздар 100 бірл.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САНЫ: 852 адам.

ӨНДІРУШІ: «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ 2009 жылдың 3 шілдесінен бастап General Electric Transportation компаниясының лицензиясы мен технологиясы бойынша тепловоздар өндірісін жүзеге асырады.

СӘЙКЕСТЕНДІРУ СЕРТИФИКАТЫ: Сапаны басқару жүйесі ISO 9001-2008, BSI (Британдық Стандарттар Институты) халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда зауыт ТМД және Балтық елдері аумағында эксклюзивті сату үшін американдық General Electric (GE) корпорациясының лицензиясы бойынша бесінші буындағы ТЭП33А және ТЭ33А жүк және жолаушылар магистральдық тепловоздарын (EVOLUTION) өндіруді жүзеге асыратын заманауи, жоғары технологиялық кәсіпорын болып табылады.

 

  • Жұмысқа ресми түрде орналастыру
  • Тұрақты еңбекақы
  • Толық әлеуметтік пакет (зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы, жалақының 30% мөлшерінде тоқсан сайынғы сыйлықақы, жылына бір рет жалақы мөлшерінде еңбек демалысына материалдық көмек)
  • Қызметкерлерге материалдық көмек (некені тіркеу, баланың тууы, жақын туыстарын жерлеу, мерекелерге арналған сыйлықақылар, ТЖ билеттері бойынша шығындарды өтеу) қарастырылған
  • Тамақтандыру (комплексті түскі ас 100 тг, түскі астың қалған сомасын зауыт төлейді)
  • ЖҚҚ және арнайы киімдермен толықтай жабдықтау
  • Қызметтік тасымалдау және т.б. қызметтер

 

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар