Қарағанды газ тарату шаруашылығы Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтер

Филиал Управление Магистральных Газопроводов "Караганда" Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
3503

   Конкурс туралы
Талаптары:
  • Автоматты катодты қорғау станциясын және автоматты электрдренажды қондырғыларды монтаждау, пайдалану және жөндеу.
  • Күрделі коррозиялық жағдайларда жерасты құбырларында және кезбе тоқ көздерінде бақылау электр өлшемдерін жүргізу.
  • Топырақтың коррозиялық белсенділігінің дәрежесін анықтау.
  • Құбырлар мен кезбе токтардың көздерінде электр өлшемдерінің деректерін өңдеу, "рельс - жер", "құбыр - жер" әлеуеттерінің графиктерін құру, коррозиялық қауіптілік дәрежесін анықтау.
  • Құбырдың оқшаулау жабындарын визуалды және аспаптық әдістермен тексеру. Құбырдың жекелеген учаскелері үшін қосымша қорғау қажеттілігін анықтау.
  • Құбырларды жөндеу кезінде оқшаулауды ауыстыруды бақылау.
  • Коррозияға қарсы қорғау кезінде қолданылатын күрделілігі орташа өлшеу аспаптарын баптау және жөндеу.
  • Жұмыс істеп тұрған құбырға катодтық шықпаларды термиттік дәнекерлеу бойынша жұмыстарға қатысу.
Талаптар:
  • Білімі: электр энергетикасы мамандығы бойынша жоғары немесе арнаулы орта білім. 
  • Жұмыс тәжірибесі: талап етілмейді.