Турбина-компрессорлық жабдық жөніндегі жетекші инженері

ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
921

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білім бейіні:  Жоғары, тиісті мамандық бойынша техникалық. "Машиналар мен жабдықтар" артықшылық болады

Жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл.

MS Office (Word, Excel, PowerPoint) білімі қажет

Тілі: қазақ және орыс тілдері еркін.

Кездесулер мен презентациялар жүргізу дағдылары. Газ турбокомпрессорлары, бұрандалы ауа компрессорлары, градирня, бу турбиналары сияқты турбиналардың түрлерін білу.

Жабдықтың барлық кластары үшін профилактикалық және болжамды техникалық қызмет көрсетуді диагностикалау, тестілеу бойынша жалпы білім. Meridium ARM және Honeywell Asset Sentinel 3 жүйелері. Технологиялық жабдықтар және оның жай-күйін мониторингтеу технологиялары. Негізгі технологиялық процестер және өндіріс режимдері. Қолданылатын жабдықтың түрлері және оны пайдалану қағидалары. Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар мен қағидалар.

Міндеттері:

Жобалау, зауыттық және нормативтік-техникалық құжаттаманы талдау, жабдықты пайдалануға қалыпты енгізуді қамтамасыз ету мақсатында жобалау құжаттамасында анықталған ауытқулар мен кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.  Жабдықтың технологиялық схемаларының және негізгі сипаттамаларының дайындаушы зауыттың техникалық шарттарына (ТШ) сәйкестігін тексеру. Ақауларды және кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды көрсете отырып, оларды анықтау, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жоюды ұйымдастыру және бақылау. Орындалған жұмыстар бойынша атқарушылық құжаттаманы (актілер, есептер және т.б.) дайындау.

Динамикалық жабдықтың сенімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлейді және енгізеді. Жұмыс тобының құрамындағы сорғы-компрессорлық жабдықтың істен шығу түрлеріне, салдарларына және критикалық істен шығуына талдау жүргізеді. Сорғы-компрессорлық жабдықтың сындылығы негізінде сенімділікті бақылау жоспарларын әзірлейді және енгізеді. Сорғы-компрессорлық жабдықтың ағымдағы жай-күйін бағалауды, сорғы-компрессорлық жабдықты жөндеудің жиілігі мен күрделілігін талдауды жүргізеді. Жабдықтың жалпы тиімділігіне әсер ететін сорғы-компрессорлық жабдықтың сенімділігі бойынша іс-шараларды әзірлейді. Сорғы-компрессорлық жабдықтың техникалық жай-күйіне, пайдалану құжаттамасын жүргізудің дұрыстығы мен толықтығына мерзімдік зауытішілік тексеруді жоспарлайды және жүргізеді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, түзету әрекеттерін белгілейді және нұсқамамен береді. Жұмыс тобының құрамында  Meridium АЖО жүйесіндегі технологиялық қондырғылар динамикалық жабдықтарының күрделілігіне талдау жүргізеді. Талдаулар базасында (RCM, FMECA) алынған ұсыныстар негізінде Meridium жүйесінде динамикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету стратегиясын анықтайды.

Департаменттің жауапты өкілдерінің өтінімдері бойынша орталықтан тепкіш сорғы-компрессорлық жабдықта вибродиагностикалық өлшеулер жүргізеді . Вибропараметрлерді талдау нәтижелері бойынша департаменттің жауапты өкілдеріне жабдықтың техникалық жай-күйі туралы қорытынды береді. Жөндеу және тексеруге өлшеу құралдарын уақтылы ұсынады. Сорғы-компрессорлық жабдықты пайдалану бойынша өндірістік нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады



Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр