Коррозия жөніндегі инженер

ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
1121

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білім бейіні: Жоғары техникалық, Бұзбайтын дефектоскопия - 1-деңгей

Жұмыс тәжірибесі: Мұнай-газ өнеркәсібінде жабдықтар мен құбыржолдарды бұзбай бақылау саласында кемінде 3-5 жыл жұмыс тәжірибесі.

Білімі мен дағдылары: 

MSOffice (Word, Excel, PowerPoint) білімі қажет

Тілі: қазақ және орыс тілдері еркін, ағылшын тілі артықшылық болады

Кездесулер мен презентацияларды жүргізу дағдылары

Міндеттері:

1.     Коррозиялық учаскелерді одан әрі бақылау бойынша ұсынымдар бере отырып, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мен құбыржолдарды бұзбай бақылау зерттеулерін талдау және коррозиялық белсенділігі жоғары жағдайларда, жабдықты одан әрі пайдалану кезіндегі қатерді талдау.

2.     Технологиялық жабдықтар мен құбыржолдардың коррозиялық жай-күйіне жүйелі бақылауды ұйымдастырады, коррозиялық бақылау әдістерін әзірлейді және жетілдіреді.

3.     Жабдықтың істен шығу себептерін, коррозиялық тозудың жоғарылау себептерін талдайды, металл коррозиясын және коррозиядан болатын шығындарды азайту бойынша ұсыныстар әзірлейді.

4.     Жабдықтарды коррозиядан қорғау және коррозияны бақылау бойынша ғылым мен техниканың озық жетістіктерін өндіріске енгізуге қатысады.

5.     Технологиялық жүйелердің коррозиялық белсенділігін ескере отырып, жабдық жұмысының технологиялық режимдерін әзірлеуге және өзгертуге қатысады.

6.     Жабдықты коррозиядан қорғауды қамтамасыз етуге қатысты техникалық құжаттаманы келіседі.

7.     Технологиялық тәртіптің сақталуын және жабдықтың коррозиялық-қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

8.    Электрхимиялық коррозиялық қорғау жүйесінің жұмысын талдай және бақылай отырып, оның есебін жүргізеді.

 

 

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр