Жетекші инженер (механикалық жұмыстарын жоспарлау жөніндегі)

ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
1102

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білім бейіні - жоғары техникалық (технологиялық машиналар мен жабдықтар)

  • Жұмыс тәжірибесі: 
    • инженер-механик мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес

Білімі мен дағдылары

1) механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар және басқа да материалдар;

2) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жоспарлау, материалдарға, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерге өтінім жасау қағидаты мен тәртібі;

3)         механикалық жабдықтың техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері, мақсаты және жұмыс режимдері, оларды техникалық пайдалану қағидалары;

4)         динамикалық және статикалық жабдықтың жұмыс істеу қағидаты;

5)         динамикалық және статикалық жабдықтың даму перспективасы;

6)         еңбекті қорғау ережелері мен нормалары;

7)         IBM Maximo, SAP жүйелерінің жұмысы;

8)         ағылшын тілін білу (құпталады)


Негізгі міндеттері:

1)         төмендегілерге қатысу:

•           орнату бойынша механикалық жабдықтың техникалық жай-күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруге;

•           қайта түскен, сондай-ақ жөнделген және қалпына келтірілген жабдықтарды қабылдауға;

•           өндірісті техникалық дамытуды, күрделі жөндеуді және негізгі қорларды жаңғыртуды жоспарлау бойынша жұмысқа;

•           механикалық жабдықтарды пайдалану, ұстау және жөндеу бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және енгізуге;

2)         IBM Maximo жүйесінде орнату бойынша механикалық жабдық активтерінің үлгілерін, сондай-ақ осы жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қолданылатын материалдардың, құралдардың үлгілерін әзірлеу;

3)         IBM Maximo жүйесінде орнату бойынша механикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша технологиялық карталарды әзірлеу;

4)         IBM Maximo жүйесінде орнату бойынша механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің әр түрлі түрлерінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын (кестелерін) әзірлеу;

5)         механикалық жабдыққа қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге, жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығы мен құнын төмендетуге, олардың сапасын жақсартуға, негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыруға (тозуға төзімділігін арттыру және жабдықтардың тұрып қалуын азайту) бағытталған іс-шараларды әзірлеуді жүзеге асыру;

6)         қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жеткізуге дайындаушы кәсіпорындармен шарт жасасу үшін қажетті материалдар дайындау;

7)         өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстар бойынша, жабдық конструкциясын жетілдіру, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жабдыққа техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша қорытындылар беру;

8)         өнертапқышар мен ойлап шығарушыларға практикалық көмек көрсету және қабылданған ұсыныстарды енгізуді ұйымдастыру;

9)         қажетті техникалық құжаттаманы жасаумен айналысу және белгіленген есептілікті жүргізу;

10)       қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құралдарға өтінімдер мен сипаттамалар жасау;

11)       жабдықтарды жөндеу мен пайдалануды ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтау және тарату;

12)       «IBM Maximo» ЖТҚКжЖ басқару жүйесін қолдану дағдыларын дамыту.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр