Инженер (бөлшектеп өлшеу және буып-түю жабдығының автоматты желілерін баптаушы), РР

ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1074

   Конкурс туралы

Талаптар:

  • Білім бейіні: 
    • Жоғары техникалық немесе орта арнайы техникалық білім, ТП АБЖ
  • Жұмыс тәжірибесі: 
    • жоғары техникалық білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл
    • орта арнайы білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

Білімі мен дағдылары

  • Көп жақты, көп позициялы, көп сатылы, көп шпиндельді агрегаттық білдектер мен автоматты желі механизмдерінің құрылымын білу.
  • Электр, пневматикалық және кинематикалық схемалардың, бапталатын және сыналатын жүйелер мен құрылғылардың тораптары мен элементтері конструкцияларының негізгі техникалық сипаттамалары, ерекшеліктері.
  • Бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларын пайдалану қағидалары;
  • PP өндірісінің буып-түю, салмақ өлшеу және мөлшерлеу жабдығының техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, мақсаты, жұмыс режимдері және пайдалану тәртібі;
  • Жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау ережесі;
  • Байланысты кәсіпорындарда жөндеу қызметін көрсетудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі;
  • Өз бөлімшесіндегі экологиялық аспектілердің тізбесі, тәуекелдер мен қауіптер тізілімі;
  • Өндірісті технологиялық дайындау жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар;
  • Технологиялық процестер мен өндіріс режимдері;
  • Негізгі технологиялық жабдық және оның жұмыс істеу принциптері;
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және табиғатты қорғау, өртке қарсы қорғау, газ қауіпсіздігі қағидалары, экономика негіздері, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру;
  • Технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесі.

Міндеттері:

  • Буып-түю жабдығын монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;
  • Қызмет көрсетілетін жабдық жүйелерінің диагностикасы жөніндегі жұмыстарды қабылдау және орындау және оның электр және механикалық бөлігінің ақаулықтарын жою;
  • Жабдықтың жекелеген бөліктерінің тозуын анықтау және оларды уақтылы ауыстыру.
  • Жабдық жұмысының оңтайлы рұқсат етілген режимдерін есептеу және орнату
  • Тораптардағы, блоктардағы, платалардағы, модульдердегі және механизмдердегі ақаулықтарды айқындай және жоя отырып, қызмет көрсетілетін жабдықты мерзімді тексеру;
  • Жабдықтың механикалық және электр бөліктерін жөндеуге және кейіннен реттеуге байланысты жұмыстарды орындау.
  • Тамшылы-бүріккіш принтерлер мен аппликатор-принтерлерге қызмет көрсету.
  • Жаңа жабдықты қабылдауға және орнатуға, жұмыс орындарын аттестаттау мен ұтымды ету, тиімділігі аз жабдықты жаңғырту және өнімділігі жоғары жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, ауыр қол және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру құралдарын енгізуге қатысу.
  • Технологиялық жабдықты жөндеудің жылдық кестесін ЖАЖ туралы ережеге сәйкес жасау.
  • PP өндірісінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін материалдарға, құралдарға, қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға МЕМСТ және ТШ сәйкес өтінімдер жасауға және сатып алуға өтінімдерді уақтылы тапсыру.

 

Қажетті қабілеттер

  • Ремонтные работы
  • Контроль исправности оборудования
  • Техническое обслуживание
  • Пуско-наладочные работы