Экструдер машинисті, РР өндірісі

ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
1049

   Конкурс туралы

Талаптар:

  • Білім бейіні: 
    • Жоғары техникалық немесе орта арнайы 
  • Жұмыс тәжірибесі: 
    • Жоғары техникалық білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе орта арнайы білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білімі мен дағдылары

  • Полипропиленнің (полимердің), катализаторлардың, сокатализаторлардың, қоспалардың, реагенттердің физикалық-химиялық қасиеттері, техникалық шарттары, шикізаттың және полипропиленнің алынатын маркалы өнімдерінің техникалық шарттары мен сапа нормалары;
  • Сығып шығару және түйіршіктеудің технологиялық схемасы;
  • экструдер мен түйіршектегіш агрегаттарын іске қосу және тоқтату;
  • РР өндірісінің аппаратурасы мен жабдықтарының құрылымы, жұмыс қағидаты, мақсаты, техникалық пайдалану ережесі;
  • Жүк көтергіш механизмдермен жұмыс ережелері;
  • БӨАжА, дабыл және блоктау құрылғысы және жұмыс қағидаты, мақсаты, пайдалану ережесі;
  • Басқару пультінен сығып шығару және түйіршіктеу технологиялық процесін басқару.
  • экструдер мен түйіршіктегіштің мақсаты, технологиясы және техникалық пайдалану ережесі;
  • Жабдықтардың, аспаптардың, электр құрылғылары мен желілерінің, арматуралардың, коммуникациялар мен қоршаулардың ақауларын анықтау;
  • Еңбекті қорғау, өрт және газ қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария және табиғатты қорғау қағидалары, ішкі еңбек тәртібі қағидалары;
  • Технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесі;
  • Сапа еңбекті қорғау, денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы зауыт саясаты;
  • Өндірісті технологиялық дайындау жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар;
  • Технологиялық процестер және өндіріс режимдері;
  • Негізгі технологиялық жабдық және оның жұмыс қағидаты;
  • Байланысты кәсіпорындарда сығып шығару және түйіршіктеу процесі бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені зерттеу;
  • Жауапты, атқарушы, жылдам үйренетін, мақсатқа бағытталған

Міндеттері:

  • Басқару пультімен экструдер мен түйіршіктегіштің технологиялық процесін жүргізу;
  • Экструдер мен түйіршіктегіштің жұмысын технологиялық регламентке, кәсіпорын стандарттарына, өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асыру 
  • Экструдер мен түйіршіктегішті іске қосу және тоқтату кезінде жеке қатысу;
  • Экструдер мен түйіршіктегішті жөндеуге сапалы дайындауды ұйымдастыру және жеке тексеру.
  • Экструдер мен түйіршіктегішті жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ол туралы барлық ауысымды хабардар ету және жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау
  • 6 разрядты экструдер машинистінің басшылығымен регламентке қатаң сәйкестікте экструдер мен түйіршіктегішті іске қосуды, қалыпты және апаттық тоқтатуды жүргізу 

Қажетті қабілеттер

  • Управление производством
  • Промышленная безопасность
  • Технология производства
  • Контроль исправности оборудования