Игеруді жоспарлау жөніндегі инженері

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
42

Қаралған саны:
1157

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• кеңейту жобаларын логистика тұрғысынан қолдауды қамтамасыз ету жұмыстарын жоспарлау процесі үшін пайдалы ұзақ мерзімді және орта мерзімді стратегиялық деректерді/ақпаратты алу үшін жоба топтарымен, бұрғылау, бизнесті жоспарлау тобымен, бөлімдегі дерек берушілермен және жұмыстарға жауапты тұлғалармен өзара әрекеттесу; 
• келешек кеңейту жобаларын ойдағыдай жүзеге асыруға қажетті логистикалық операцияларды айқындау, үйлестіру, жүзеге асыру және аяқтауға жауапты болу. Негізгі кеңейту жобаларына басқалардың қатарында 1-жобалар жиынтығы, IIA, IIB кезеңдерінде бұрғылау, мысалы DC-05, DC-10 аралдарында бұрғылау, Қашаған кен орнындағы кеңейту бұрғылау жұмыстары, құрлық кешенін кеңейту жобалары, жаңа су өңдеу нысандары, қолданыстағы нысандарды жаңғырту жобалары және т.с.с. жатады;
• кеңейту жобаларының орындалуын жоспарлауды қолдау мақсатында логистикалық ресурстарды қамтамасыз ету шараларын үйлестіру және қолдау;
•бұрғылау операцияларына қажетті кеңейту жобаларын логистика тұрғысынан қолдауды қамтамасыз ету жұмыстарын жоспарлауда бұрғылау директоратына қолдау көрсету;
• Қашағандағы жұмыстарды және келешек кеңейту жобаларын 2050 жылға дейін қолдайтын ұзақ мерзімді логистика стратегиясын әзірлеу шараларына қолдау көрсету;
• нақты жоспарлау деректерін жинау мен жинақтау, логистикаға қатысты мүдделі тараптардың талаптарын тексеру және қамтамасыз ету, шығындарды басқаруға қатысты деректерді, соның ішінде клиенттерге қызмет көрсету және түйінді мәселелерді шешу жөніндегі деректерді тексеру;
• дамыту жұмыстарын жоспарлау және келісілген негізгі кезеңдер мен талаптар бойынша есеп беру және жоспар бойынша жұмыс барысы мен жұмыс өнімділігінің көрсеткіштерін қадағалау; 
• кеңейту жобаларын логистика тұрғысынан қолдауды қамтамасыз ету жобаларының негізгі жоба кезеңдеріне сәйкестігін қамтамасыз ету; күтпеген өзгерістер болған жағдайда КЖҚҚ топ жетекшілеріне хабарлау және салдарын жеңілдету шараларын ұсыну;
• жоба бойынша жұмыс көлеміне, бюджетке немесе жұмыс кестесіне айтарлықтай кері әсер ететін өзгерістерді бағалау және қолдау; ақтық шешім қабылдамас бұрын кеңейту жобаларын логистика тұрғысынан қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі менеджермен кеңесу;
• өзара әрекеттестік мәселелері бойынша мерзімді кездесулердің салааралық тиімді үйлесімін қамтамасыз ету; 
• кеңейту жобалары бойынша уақтылы есепхаттарды дайындау;
• кеңейту жобаларын логистика тұрғысынан қолдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша қатерлерді басқару шараларына қатысу;
• техникалық-экономикалық талдау мен оңтайлы әдістемелерді дайындау;
• КЖҚҚ топ жетекшілеріне жұмыстарды жоспарлау бойынша қолдау көрсету;
• кеңейту жобаларын логистика тұрғысынан қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі менеджер мен КЖҚҚ жөніндегі жетекшілері берген басқа жоспарлау мен кесте жасау тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

• инженерлік жобалау немесе соған ұқсас техникалық сала бойынша бакалавр дипломы;
• мұнай-газ саласындағы ірі жобаларға қатысты жоспарлау және кесте жасау бойынша кем дегенде 5 жыл тәжірибесі; 
• «НКОК» компаниясының жобаны басқару стандарты/процесі жөнінде анық және айқын түсінігі;
• құрылыс және инфрақұрылым жобаларын қадағалау үшін ДЕҚОҚ талаптары жөнінде анық және айқын түсінігі; 
• көп ұлтты ұжымда жұмыс істеген тәжірибесі және жұмысты жоспарлау бойынша үздік машықтары мен білімі болуы тиіс. 

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қ. іссапарға жіберу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)