Бизнес-қызметтер жөніндегі менеджер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
1265

   Конкурс туралы

Міндеттері:

•  жобаны жүзеге асыру және басқару бойынша озық тәжірибелерді үгіттеу және олардың қолданылуына үлес қосу;
• ІІB кезеңінің анықтау және жүзеге асыру сатыларында бизнес-қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ету және оларға жетекшілік ету;
• жүзеге асыру сатысын ойдағыдай іске асыру үшін бизнес-қызметтер бөлімінің дайындығын қамтамасыз ету және жетекшілік ету;
• ІІB кезеңі үшін қызметтер көрсету кезінде қаржы, АТ/АБ, жоба бойынша көрсетілетін қызметтер мен келісімшартқа жауапты тұлғаларға қолдау көрсету бөлімдерінің бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
• ЖСС бойынша тендер өткізу, тендерлік ұсыныстарды бағалау, келісімшарт беру және басқару және есеп беру тәжірибелерінің қолдануына қолдау көрсету үшін тиімді келісімшарт жоспарларын жүргізу;
• келісімшарт жасау жән сатып алу ережелеріне, шығындарды қайтару және аудит талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету;
• бизнес-қызметтер бөлімін қолдауға арналған қаржыландыру шараларын қамтамасыз ету (бастапқы жұмыстар, ақтық инвестициялық шешім және т.б.;
• шығын мен кестені бақылау процестері мен процедураларын әзірлеу (мысалы, өзгерістерді басқару, мүмкіндіктер мен қатерлерді басқару, ай сайынғы тексеру және бағалау, талдау, болжау және түзету шараларын әзірлеу, т.б.);
• бизнес-қызметтер бөлімінің тиімділігін талдауға байланысты жобалық топтың жұмыс тиімділігіне жауапты болу;
• Өнім бөлісу туралы келісімі (ӨБК) талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
• жүзеге асыру кезеңін орындау және осы тармақталған жобаны жүзеге асыру үшін жобаның ақпарат басқару процестерін әзірлеу;
• жылдық жұмыс бағдарламасына және бюджетке, жоба бойынша бақылау және есеп беру талаптарына жауапты болу;
• Жоба бойынша көрсетілетін қызметтер бөлімінің кәсіби жоспарын басқару; қазақстандық қызметкерлер үшін тиімді біліктілік арттыру жоспарларын жүргізуге көмектесу үшін біліктілікті бағалау процесін әзірлеу және жүзеге асыру; 
• Шығындар мен кестеге қатысты тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыруға және жетекшілік етуге, сондай-ақ ішкі және үшінші тараптың қатысумын жоба бойынша салыстырмалы талдау шараларын жүргізуге жауапты 
болу;
• ақпаратты, көрсеткіштерді және үрдістерді ашық ашу жариялау арқылы жауапкершілікті ынталандыратын жоба бойынша есептерді уақтылы беру; 
• ашық салыстырмалы талдау жасау, ІІB кезеңінің жобалық тобымен сабақ боларлық жағдайлармен және нарыққа қатысты ақпаратпен бөлісу арқылы капиталдың тиімділігін басқару; 
• анықтау сатысы аяғында Игеру жоспары және игеру бюджетіне түзетулер енгізу және біріктіру; Өкілетті Органның мақұлдауын алу;
• жобаның экономикалық тізімдемесін және Консорциум бойынша серіктестерден ақтық инвестициялық шешім алу үшін шешімдерді негіздеу жөніндегі құжаттаманы дайындау.

Талаптар:

• 20 жылдан астам өндірістік тәжірибесі (басшылық лауазымда болғаны 
абзал) және жобаны басқару / жобаны жүзеге асыру / келісімшарттармен жұмыс істеу бойынша 10 жылдан астам тәжірибесі;
• бакалавр деңгейіндегі тиісті білімі, инженерлік менеджмент бойынша ғылым магистрі, іскерлік әкімшілік магистрі, құрылыс басқару саласында ғылым магистрі дәрежесі болғаны абзал;
• мұнай-газ жобасында жинаған тиісті тәжірибесінің болуы шарт

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қ. іс-сапар

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)