Келісімшарт жасау және сатып алу жөніндегі менеджер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
58

Қаралған саны:
1289

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• келісімшарт берілгенге дейінгі және берілгеннен кейінгі кезеңдерде ІІB кезеңінің жобалық тобына келісімшарт жасау және сатып алу бойынша қызмет түрлерін көрсету барысында келісімшарт жасау және сатып алу бөлімінің тәжірибе деңгейі әртүрлі қызметкерлер тобына жетекшілік ету және оларды басқару;
• келісімшарт жасау және сатып алу жөніндегі менеджер еңбек демалысында болғанда оның міндетін қажетіне қарай атқару;
• жобаның ІІB кезеңіне қатысты келісімшарттар жиынтығы аясында «келісімшарттарда ДЕҚОҚ саласын басқару» стандартының қолданылуын басқару;
• келісімшартқа жауапты тұлғалармен бірге келісімшарт стратегияларын СКӨБК бойынша тиісінше бекіту кезеңдерінде, тендерлерге қатысты құжаттар мен келісімшарт ұсыныстарын тиісті келісімшарт кеңестеріне / өкілетті органның техникалық тобына тапсыру барысында көмек көрсету және келісімдердің уақтылы алынғандығын қамтамасыз ету;
• келісімшарт талаптары мен ережелерінің Компания және ӨБК талаптарына және стандарттарына сәйкес талқылануын, талдануын және орындалуын қамтамасыз ету;
• СКӨБК және Компанияның сатып алу саясаттары мен процедураларына сәйкестікті қамтамасыз ету арқылы сатып алу процесі шеңберіндегі шығын көлемінің өтелетіндігіне көз жеткізу;
• келісімшарт жасау және сатып алу бойынша ресімделген құжаттардың сапасын бақылау және олардың келісімшарт жасау және сатып алу жөніндегі бекітілген процедураларға толық сәйкес болуын қамтамасыз ету;
• келісімшартқа жауапты тұлғаға мердігерге берілген барлық ірі келісімшарттар бойынша келісімшарттарды берілгеннен кейін басқарудың нақты жоспарларын әзірлеу арқылы көмек көрсету;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

• ғылыми салада, инженерлік жобалау немесе менеджмент саласында бакалавр дәрежесі;
• коммерциялық салада жақсы дағдылары бар келісімшарт жасау және сатып алу жөніндегі тәжірибелі маман және мұнай және газ саласында сатып алу ісі бойынша кемінде 12 жыл жұмыс тәжірибесі;
• келісімшарт жасау және сатып алу саласына қатысты жоғары кәсіби дағдылары: коммерциялық / техникалық, оқыту, үйрету / тәлімгерлік ету / ықпал ету дағдылары және қарым-қатынас жүргізу / ақпарат ұсыну, топқа жетекшілік ету дағдылары;
• коммерциялық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу, мердігерлер жұмысын басқару және келісімшарттарды басқару бойынша тәжірибесі;
• мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен жергілікті нарық жағдайларын ескере отырып, шалғай нысандарда және көпұлтты ортада істеген жұмыс тәжірибесі;
• жобаның барлық кезеңдері немесе оның бір бөлігі бойынша жұмыс тәжірибесі (тұжырымдамалық жобалаудан бастап ақырғы қосу-реттеу және тапсыру кезеңдеріне дейін); күрделі жобалар шеңберінде келісімшарт жасау және сатып алу бойынша тәжірибесі болғаны абзал;
• құрылыс/игеру жұмыстары бойынша білімі

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қ. іс-сапар

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)