Инженер (жетекші) (тоттанудан қорғау)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
852

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• күрделі жөндеу жұмыстарының көлемін әзірлеу, жұмыс көлемін орындау және осы жұмыстарға қолдау көрсету үшін материалдар және бүтіндікті қамтамасыз ету тұрғысынан жетекші ретінде көмек көрсету;
• тоттануды бақылау және әсерін төмендету жоспарларын белгілеу, олардың бар болуын және нәтижелілігін қамтамасыз ету;
• нысандарды тоттанудан қорғау тұрғысынан инженерлік жобалау мәселелері бойынша нұсқалар мен ұсыныстар беру;
• негізгі / маңызды процестер мен пайдаланылатын материалдарды анықтау;
• тоттану деңгейін бақылау үшін бүтіндікті сақтап тексеру жұмыстарына және іс-шараларына арналған процедуралар мен жоспарларды анықтау және бағалау;
• қатер факторлары бойынша инспекциялауға қатысты техникалық бағалау шараларын Компания стандарттарына, техникалық талаптарына және қысыммен жұмыс істейтін жүйелер жөніндегі процедураларға сәйкес жүргізе отырып, материалдар және тоттанудан қорғау жұмыстарын қатер факторлары бойынша 
инспекциялау процесіне біріктіру. 
• күрделі жөндеу жұмысына қажет болатын техникалық күтім жасауды оңтайландыру жобасына қолдау көрсету, күрделі жөндеу жұмыстарының интервалдарын арттыру және күрделі жөндеу жұмыстарының ұзақтығын азайту; тексеру жұмыс көлемі аясындағы күрделі жөндеу шараларын әзірлеуге белсене қатысу және нашарлау 
механизмдері негізінде іс-шаралар жоспарларын дайындау;
• алдын ала техникалық тексеріс жөніндегі персоналға, әсіресе қазақстандық қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасын әзірлеу және олардың жұмысы мен дамуын, соның ішінде біліктілігін бағалау;
• ҚР техникалық комитет жиналыстарына қатысу, ҚР заңдары мен стандарттарына қатер факторлары бойынша инспекциялау әдіснамасын енгізуге арналған техникалық шарттарды әзірлеу;
• ҚР техникалық комитет жиналыстарына қатысу және ҚПО, ТШО компанияларымен бірге қатер факторлары бойынша инспекциялау әдісі негізінде мемлекеттік стандарт әзірлеу;
• КБЖ / ТБЖ әзірлеуде және олардың өндірістік ақпараттық жүйесімен (әсіресе ТҚБКЖ) өзара әрекеттесуінде қолдау көрсету; 
• өндіріс алаңынан алынған сын-пікірлерге сәйкес техникалық күтім жасау процесін үздіксіз жетілдіру жұмыстарын жүргізу және қамтамасыз ету;
• қондырғы модификацияларын анықтауға қолдау көрсету; 
• пайдалану бөліміне материалдар және бүтіндікті қамтамасыз ету тұрғысынан қолдау көрсету. Бұған негізінен жаңа немесе өзгертілген қондырғыларды қосу – реттеу / іске қосу және қолданыстағы қондырғыларға техникалық күтім жасау / пайдалану / ақаулықтарын тауып оларды жою жұмыстарына үлес қосу жатады және бұл пайдалану бөлімшесімен технологиялық нысандар бойынша және / немесе активтер жөніндегі менеджерлермен инфрақұрылым нысандары бойынша тиімді қарым-қатынас құруды талап етеді;
• бөлім ішінде орын басушылықты жоспарлау үшін жергілікті қызметкерлерді техникалық салада оқыту;
• Қашаған нысандары үшін тоттануды басқару бойынша жекелеген жылдық есептер шығаруға қолдау көрсету. 

Талаптар:

  • тоттанудан қорғау, материалдар, металлургия немесе машина жасау саласындағы ғылым бакалавры дәрежесі; тоттану саласындағы кез келген кәсіби ұйымның мүшесі болғаны лазым;
  • мұнай-газ өнеркәсібіндегі материалдарды таңдау және тоттануды бағалау саласында кемінде 10 жыл жан жақты және құжатталған жұмыс тәжірибесі;
  • мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу зауыттарында тоттанудан қорғау және металлургия саласында басшы лауазымында 5 жыл жұмыс істеген тәжірибесі;
  • құрамында күкіртсутегі және басқа да қышқыл орталары бар сұйықтықтардағы тоттануды талдау саласында жан жақты және құжатталған жұмыс тәжірибесі мен білімі;
  • бір уақытта жобаның күрделі элементтерінің едәуір санын тиімді басқару қабілеті, сондай ақ жобалардағы практикалық тәжірибесіне қоса өндірістік тәжірибесі;
  • компьютерді еркін меңгеруі және презентацияларды дайындау дағдылары;
  • төмендегі салалардың бірінде кәсіби біліктілігі/ куәлігі болуы тиіс: - материалдарды механикалық сынау, бүтіндікті сақтап тексеру; - қысым астындағы жабдықтарға (құбырлар/қазандар және т.б.) жабын жабу, катодтық қорғау, дәнекерлеу және тексеру.

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қ. іс-сапар

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)