Құқықтық мәселелер жөніндегі Басқарушы директор

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
1839

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғам қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуді және қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастырады
  • Басқарма төрағасы бұйрықтарының, басқарма және директорлар кеңесі шешімдерінің, қоғам жасасатын шарттардың, келісімдердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
  • Қоғамның қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, тексеру актілері бойынша қарсылықтарды дайындауға, қоғамды жауаптылыққа тарту туралы шығарылған қаулылар бойынша хат алмасуға қатысуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамда талап – арыз жұмысын ұйымдастыруды, сот процестеріне қатысуды, талап-арыздарға, қарсылықтарға, апелляциялық және кассациялық шағымдарға білікті Пікірлер дайындауды бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіруді қамтамасыз етеді;
  • Қоғамдағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
  • Ұжымдық шартты дайындауға және жасасуға, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге, қоғам қызметінде еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге қатысады;
  • Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша бұйрықтар мен нұсқаулардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Шарттар мен келісімдерді дайындау, қол қою, сақтау бойынша рәсімдерді әзірлеуді және сақтауды қамтамасыз етеді; қоғамда жасалатын шарттар мен келісімдерді әзірлеуге қатысу, ҚР заңнамасына және қоғамның заңды мүдделеріне сәйкес келетін шарттар мен келісімдерге бұрыштама қою;
  • Басқарма отырыстарына шығарылған, оның құзыретіне кіретін мәселелерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде ҚР заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Жылжымайтын мүлікке, жер учаскелеріне қоғамның құқықтарын мемлекеттік тіркеуге, қоғам міндеттемелерін кепілмен қамтамасыз етуді ұсынуға байланысты мәселелерді ұйымдастыруды, басқаруды, үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  • Қоғамда ҚР заңдарын насихаттау мен түсіндіруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • Қоғамның Басқарма Төрағасының бұйрықтарында, Қоғамның Басқарма және директорлар кеңесінің шешімдерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • жоғары заңгерлік білім
  • Кәсіби саладағы практикалық тәжірибе 7 жылдан кем емес
  • басшылық лауазымдардағы заңгерлік жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес
  • мүмкіндігінше "іскерлік әкімшілендіру магистрі"дәрежесінің болуы

Шарттар:

Қажетті қабілеттер

  • Навыки работы на ПК (Word, Excel) Egov.kz

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр