4-6 разрядты аппаратшы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
809

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4 разрядты аппаратшы істей алуы тиіс: - бериллий фторидін, металл бериллийдің мыс, алюминий және никель негізіндегі қоспаларын индукциялық электр пештерінде біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен технологиялық процесін жүргізсін; - құрал-жабдықтың күйі мен жұмысын бақылау; - бериллий фторидін, металл бериллийдің мыс, алюминий және никель негізіндегі қоспаларын индукциялық электр пештерінен ағызуды жүргізу; - ағызу кезінде ағызу саңылауларын көсеу, ағызу біткеннен кейін отбақырды тазарту; - құю конвейерлерде құймақалыптарды орнату; - дайын өнімді және жартылай фабрикаттарды өлшеуді жүргізу; - діріл құйма қалыптарды бериллий фторидінен және шлактан тазарту; - қалпына келтіру балқымаларының шлактарын ұсақтау және еріту; - балқымаға шихта даярлау, шихтаны пешке енгізуді жүргізу және индукциялық электр пештерінде процесті жүргізу; -құрал-жабдықты жөндеуге дайындау; -ұсақ слесарьлік жөндеу жүргізу; - жеке қорғаныс құралдарын қолдану. БӨ 5 разрядты аппаратшысы қосымша істей алуы тиіс: - бериллий фторидін, металл бериллийдің мыс, алюминий және никель негізіндегі қоспаларын индукциялық электр пештерінде балқытудың технологиялық процесін жүргізу; - құрал-жабдық пен бақылау-өлшеуші аспаптардың жұмысы мен күйін бақылауды жүргізу; - шихта компоненттерін балқыма жүргізу үшін есептеу және өлшеуді жүргізу; -қатып тұру кезінде шихтаны шөгуді жүргізу; - шихта деңгейін реттеу; - бериллий фторидін, металл бериллийдің мыс, алюминий және никель негізіндегі қоспаларын ағызуды жүргізу; - діріл құйма қалыптарды оларға бериллий фторидін және бериллийдің магнийтермиялық қалпына келтіру шлагын құю үшін даярлау; - балқыту өнімдерін суытқаннан кейін діріл құйма қалыптарды тазартуды жүргізу; - газтазалаушы құрал-жабдықтың жұмысын бақылау; - кальций карбидін және мыс, алюминий және никель негізіндегі бериллий қоспаларын ағызғаннан кейін ағызу науаны қорғау; - балқыманы ағызу алдында конвейерді тазартуды жүргізу; - бақылаушы-өлшеуші аспаптарды қолдану; - прессте, бұрғылау және кесу станоктарда жұмыстар жүргізу; - шихтаны кептіруге арналған пештерді күту; - сынамаларды алуды жүргізу; - өндірістік журналда жазба жасау. БӨ 6 разрядты аппаратшысы қосымша істей алуы тиіс: - бериллий фторидін, металл бериллийдің мыс, алюминий және никель негізіндегі қоспаларын индукциялық электр пештерінде балқытудың технологиялық процесін технологиялық норма талаптарына сәйкес жүргізу; - шихта компоненттерін балқыма жүргізу үшін есептеу және өлшеуді жүргізу; - технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін анықтау және алдын алу, құрал-жабдық жұмысында бұзушылықтарды жою ; - қол астындағы учаскенің жұмысшыларын басқару; - шикізатқа есеп жүргізу; - операцияларда фазалық бақылау жүргізуі; - басқа шектерге технологиялық өнімдерді тапсыру

Білім:

Жалпы орташа білімнен төмен емес

Дағдылар:

4 разрядты аппаратшы білуі тиіс: - кальций карбидін (бериллий фториді, металл бериллий және мыс, алюминий және никель негізіндегі оның қосылыстары) шығару технологиялық сызбасын; - негізгі және қосалқы қондырғылардың, бақылау-өлшеуші аспаптардың құрылымы мен жұмыс принципі; - кальций карбидін құю процесінің тәртібі (бериллий фториді, металл бериллий және мыс, алюминий және никель негізіндегі оның қосылыстары); - қолданылатын шикізат және дайын өнім сипаттамасы. Қосымша білуі тиіс: - «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрттік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік актілер; - жұмыс нұсқаулығын; - жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелерін; - «ҮМЗ» АҚ еңбектәртібі ережелерін; - ҚР еңбек заңнамасы негіздерін және әлеуметтік менеджмент жүйесі (ӘМЖ); - өндіріс экономикасы негіздері. БӨ 5 разрядты аппаратшысы бүлуі тиіс ( қосымша): - кальций карбидін (бериллий фториді, металл бериллий және мыс, алюминий және никель негізіндегі оның қосылыстары) шығару технологиялық сызбасын; - негізгі және қосалқы қондырғылардың, бақылау-өлшеуші аспаптардың құрылымы мен жұмыс принципі; -қолданылатын шикізат пен дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; - технологиялық режим нормаларын; - технологиялық процесті реттеу ережелері, сонымен қатар құрал-жабдықты тоқтату ережелері; - бақылау сынамаларын алу ережелерін. БӨ 6 разрядты аппаратшысы бүлуі тиіс ( қосымша): - кальций карбидін (бериллий фториді, металл бериллий және мыс, алюминий және никель негізіндегі оның қосылыстары) шығару технологиялық сызбасын; - негізгі және қосалқы қондырғылардың, бақылау-өлшеуші аспаптардың құрылымы мен жұмыс принципі; -шикізат пен дайын өнімге техникалық шарттарды; -технологиялық режим нормаларын; - технологиялық процесті реттеу ережелерін; - құрал-жабдықты қосу және тоқтату ережелерін, талдауларды жүргізу әдістерін.

Қосымша:

- бериллий мен оның қосылыстарының адам ағзасына аса зиян әсер етуімен байланысты 1 дәрежелі еңбек жағдайлары

Білетін тілдер:

-