Өндірісті жоспарлау секторының геотехнологы

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
688

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Уран өндіру бойынша жоспарларды орындау мақсатында негізгі өндірістің жұмысын бақылау және үйлестіру. 2. Біріктірілген жоспарлау жүйесінде (БЖЖ) тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарын әзірлеуге қатысу, технологиялық блоктардың геотехнологиялық параметрлері бойынша деректерді, қышқылдандыруға және сілтілендіруге күкірт қышқылының шығысы бойынша деректерді, БЖЖ енгізу үшін технологиялық ұңғымалардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша деректерді толтыру және өзектендіру, КАР.03.04.Р. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ" біріктірілген жоспарлау жүйесі" жобасы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес өндірістік бағдарламаның оңтайлы сценарийін таңдау. 3. Жоспарлы тапсырмалардың орындалуына талдауды жүзеге асыру, материалдар мен реагенттерді жұмсаудың белгіленген нормаларын, технологиялық режимді сақтау, есептік құжаттаманы ресімдеу және оны уақтылы ұсыну, жоспарлы-экономикалық көрсеткіштерді орындау; 4. Уран өндіру бойынша өндірістік цикл нәтижелерін талдау, технологияны жетілдіру, химреагенттер мен материалдарды үнемдеу бойынша ұсынымдар әзірлеу; 5. Технологиялық жұмыстарды дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеуге және өндірісті жетілдіруге бағытталған іс-шараларға қатысу; 6. Уран өндіру бойынша кеніштің өндірістік қызметінің қорытындылары бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерді жасау және талдау; 7. Өнімді ерітінділерді өндіру бойынша тәуліктік жедел деректердің берілуін бақылауды жүзеге асыру; 8. Геотехнологиялық полигонда (ГТП) пайдаланылатын химиялық реагенттерді тұтынудың үлестік нормаларын есептеу; 9. Өндірістік бағдарламаны орындау үшін қажетті өнімді ерітінділер мен химиялық реагенттердің көлемін есептеу; 10. Технологиялық блоктарды пайдалану кезінде технологиялық регламенттің сақталуын бақылау; 11. ГТП жұмысының көрсеткіштері бөлігінде ТҚ-25 техникалық есебін дайындауға қатысу (өнімді ерітінділерді өндіру, ұңғымаларды тазалау бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, химреагенттердің шығыны); 12. Сапаны, еңбек жағдайларын жақсартуға, компания жұмысын регламенттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізу; 13. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға арналған техникалық тапсырмаларды құрастыру және келісу; 14. Өз құзыреті шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындау бойынша мердігер ұйымдармен орындалатын жұмыстардың сапасы мен мерзімдерін бақылау;

Білім:

Жоғары инженерлік-техникалық - міндетті

Дағдылар:

1. уранның геотехнологиясы және геологиясы; 2. уранның ЖҰШ кезінде технологиялық ұңғымаларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары; 3. уранның ЖҰШ технологиялық процесін білу; 4. гидрогеология және жерасты гидродинамика негіздерін білу; 5. өндірісті ұйымдастыру, өндірісті басқару негіздерін білу; 6. ТҚ-1 және ТҚ-25 нысаны бойынша өндірістік есепке алуды және техникалық есептерді құруды білу; 7. уран өнімдерін өндіру технологиясын білу; 8. уранның ЖҰШ кезінде технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу принциптерін білу; 9. уран өндіру саласында ғылыми зерттеулер жүргізудің тәртібі мен әдістерін білу 10. геология және уран өндіру саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын білу; 11. еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық, экологиялық және өрт қауіпсіздігі салаларындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын білу; 12. ТМҚ есепке алу, материалдар мен жабдықтарды кіріске алу және есептен шығару негіздерін білу; 13. іскерлік құжаттарды рәсімдеу ережелерін білу; 14. іскерлік хат алмасуды білу; 15. қызметтік жазбалар мен хаттарды сауатты жаза білу; 16. Windows офис (Word, Excel, Outlook, PowerPoint) бағдарламаларымен жұмыс істей білу; 17. Atomgeo, AutoCad, Mapinfo бағдарламаларымен жұмыс істей білу; 18. PDCA принципін білу;

Қосымша:

1. Жүргізуші куәлігінің болуы, В санаты (мүмкіндігінше) 2. Кәсіби сертификаттаудың болуы - мүмкіндігінше

Білетін тілдер:

1. Орыс тілін білу (ауызша және жазбаша) –еркін; 2. Қазақ тілін білу – мүмкіндігінше; 3. Ағылшын тілін білу-бастапқы деңгей