Байланыс желілеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженері

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
654

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Абоненттік құрылғыларды, PCM, ISDN аппаратураларын, КЖҚ жабдығын, CDMA WLL және WiMax радиоқолжетімділігін, xDSL, GPON абоненттік жабдығын, бұлтты бейнебақылау жабдығын, радиомост жабдығын, кәбілді телевизия және енгізілетін жаңа технологиялардың өзге де терминалдық жабдығын, сым ұстатқыштан, бұрандалардан, СКҚ қосылысынан абоненттің терминалына дейінгі абоненттік сымдарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету;
  • Қосалқы магистральдық, үй тарату желілерінде және пәтер кәбілінде жөндеу және сервистік жұмыстарды жүргізу – RG 11 –RG 6 коаксиалды кәбілі, оларда орнатылған пассивті жабдықпен (бөлгіштер; сплитерлер), үй күшейткіштерін (ҮК) ауыстыру, баптау және қызмет көрсету, абоненттік терминалдар – теледидарларды баптау – қайта баптау;
  • Проблемалық билеттерді (бұдан әрі – ПБ)/тапсырмаларды алу және оларды пысықтау, желіжол-абоненттік құрылыстар мен таксофондардың бұзылымдарын оқшаулау және жою;
  • Абонент жағында жұмыстарды (телефон сымдарын монтаждау, қосымша розеткаларды, ағытпаларды орнату, абонент модемін баптау, микрофильтрларды, сплиттерлерді монтаждау, абоненттік жабдықты физикалық қосу және инсталляциялау, абоненттік жабдықтың жұмысын және т. б. сервис түрлерін тексеру) абоненттік қосылыс желісіндегі зақымдануларды жою кезінде абоненттік сымдардың ұстатқыш бұрамаларынан, СҚ қосылысынан абоненттің терминалына дейін орындау;
  • Пайдалану процесінде ұстатқыш бұрамалардан, қосылыстан абоненттің терминалына дейінгі цифрлық абоненттік желілерге өлшеу жүргізу бойынша жұмыстарды орындау;
  • Тауарлы-материалдық құндылықтардың болуы мен қозғалысын, соның ішінде баланста тұрған терминалдық жабдықтың пайдалану қорын есепке алу (ТЖЕ), сондай-ақ есеп беру;
  • ТЖДО жүктелімдері бойынша орындалған жұмыстарын тексеру және техникалық пайдалану қағидаларының бұзылуы туралы ақпаратты ТЖДО-ға ұсыну;
  • Абонентті ауыстырып қосуға ТЕТО жүктелімдері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау (мыс желіжолдан оптикаға, желіні оңтайландыру, порттарды оңтайландыру кезінде және т.б.);
  • Smallworld PNI ГАЖ және «Спутник» ТЕААЖ ДҚ өзектендіру үшін ТЕТО/ТЕТҚ-ға желідегі барлық өзгеріс туралы ақпаратты беру;
  • Қорғау аймақтарында телекоммуникация желілерін сақтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындау;
  • Цифрлы абонент желілері қызметін пайдаланушы клиенттерге технологиялық кеңес беру;
  • Орындалған жұмыстардың сапасы мен көлемі туралы есептерді құру жатады.