"KMG Drilling & Services" ЖШС Теңіздегі жобаларды дамыту бөлімінің бас сарапшысы

KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
1647

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Әзірбайжан Республикасындағы "KMG Drilling & Services" ЖШС филиалы – Серіктестігінің құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі - Филиал) бақылауындағы өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру басшылық ету/жетекшілік ету;
  • ӨКБҚ-ның операциялық қызметі мәселелері бойынша есептеулер, презентациялар, техникалық негіздемелер дайындау;
  • негізделген басқару шешімдерін қабылдау мақсатында техникалық-экономикалық есептерді және ұсынымдарды уақтылы жасауды қамтамасыз ету;
  • Әзірбайжан Республикасынан Ақтау қаласына ӨКБҚ-ны Hot Stack-ке қайтаруды жүзеге асыру жағдайына дайындық жұмыстарын және бенчмаркинг жүргізу.
  • Серіктестікте осы рәсімдерді біріздендіру мақсатында Серіктестік ҚБ-да қолданылатын саясаттар мен рәсімдерді зерделеу.
  • ҚБ/Серіктестіктің БҚ құжаттарымен және консервациялау процесімен танысу. Осы мәліметтер негізінде ӨКБҚ консервациялау жағдайында іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  • ӨКБҚ және Филиал/ББҰ жобасы қызметінің мониторингі, ӨКБҚ және Филиал/ББҰ Жобасын басқару кезінде Серіктестік қойған міндеттердің орындалуын, өндірістік бағдарламаның орындалуын бақылау;
  • Бөлімнің кіріс, шығыс хат-хабарларымен және ішкі құжаттарымен жұмыс істеу кезінде бірыңғай тәртіпті қамтамасыз ету;
  • Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге қатысу;
  • Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • Тендерлік құжаттар пакетін дайындауға жәрдемдесу;
  • Жұмыс кестесін жоспарлау және әзірлеу;
  • Бөлім жұмыскерлері үшін қажетті тренингтер кестесін құруға және оларды ұйымдастыруға ықпал ету;
  • Құзыреті шегінде құжаттарды келісу;
  • Серіктестіктің алдына қойылған міндеттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Серіктестік басшылығы мен бөлім бастығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру;
  • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу жұмыскерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін, алкогольдік немесе есірткі қолданып масаң күйде жұмысқа кіріспеу жағдайлары туралы жұмысты тоқтата тұру және жоғары тұрған басшылыққа баяндау;
  • жұмыстарды жүргізу бойынша қажетті нұсқауларды сақтау, сондай-ақ тапсырылған жұмысты уақтылы және сапалы орындау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы технологиялық және еңбек тәртібін, қағидалар мен нұсқаулықтарды сақтау

Талаптар:

  • Теңіздегі жобаларды дамыту бөлімінің бас сарапшысы лауазымына жоғары білімі және мұнай-газ саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға қабылданады:

    • құжаттау және құжаттаманы басқару бойынша жұмыс тәжірибесі;
    • сапаны бақылау және құрылыс бөлімдерінде мұнай-газ саласы объектілерін салу саласындағы жұмыс тәжірибесі;
    • орындалатын жұмыс шегінде нормативтік-техникалық құжаттарды, техникалық шарттарды, жалпы ережелер мен бақылау қағидаларын тексеру және бақылау бойынша жұмыс тәжірибесі.
  • Заңнамалық және нормативтік актілерді білу 

    • Қазақстан Республикасының "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" заңын білу;
    • жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің негіздерін білу;
    • мұнай-газ жобаларын басқару негіздерін білу;
    • мұнай операцияларымен байланысты жер үсті және теңіз объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды білу;
    • өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары;
    • Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" заңын білу;
    • мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын білу
    • Жеке компьютерде жұмыс істеу (Microsoft Office)
    • монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары бойынша құжаттаманы және рәсімдерді білу

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)