HR және жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
78

Қаралған саны:
2057

   Конкурс туралы
Білім профилі:
  • Жоғары кәсіптік білім (заңгерлік, психологиялық)
  • адами ресурстарды басқару саласында халықаралық сертификаттардың болуы жақсы;
  • адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелерді, адам ресурстарын басқару әдістері мен құралдарын, ҚР салалық және еңбек заңнамасын, корпоративтік басқару негіздерін білу;
  • ағылшын тілін меңгерген үміткерлерге артықшылық көрсетіледі
Жұмыс тәжірибесі: 
  • лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) 7 (жеті) жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс өтілі;
Білімі мен дағдылары:
  •  персоналды стратегиялық басқару құралдарын,
  • деректерді талдау құралдарын,
  • өзгерістерді басқару құралдарын, компанияның стратегиялық менеджменті және бизнес жағдайларды талдау құралдарын,
  • персоналға шығыстарды жоспарлау құралдарын иелену, іс жүргізу және құжат айналымы жүйесін білу
Негізгі міндеттері:   
  • HR саласындағы үздік тәжірибелерді талдау және HR сараптама орталығымен бірлесіп HR-стратегияны, саясаттар мен практикаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жолымен оларды Қоғамда қолдану, сондай-ақ Қоғам персоналына тиімді инвестицияларды қамтамасыз ету мақсатында бизнестің стратегиялық міндеттерін шешуге ықпал ететін HR-жобаларды іске асыру;
  • кадр саясатын әзірлеу және іске асыру, HR процестерін енгізу және жетілдіру;
  • Қоғамда HR үдерістерін сүйемелдеу,  HR сараптама орталығымен және қызмет көрсету орталығымен қызметкерлерді іздеу, іріктеу және жалдау; қызметкерлерді оқыту және дамыту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру; таланттарды басқару, жеңілдіктерді өтеу, еңбек қатынастарын басқару, қызметті бағалау, корпоративтік мәдениетті және әлеуметтік тұрақтылықты басқару, кадрлық әкімшілендіру бағыттары бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
  • корпоративтік мәдениет пен жұмысқа тартылу диагностикасын  жүргізу  және нәтижелерін талдау, зерттеу нәтижелері бойынша стратегиялық сессиялар ұйымдастыру, қолайлы корпоративтік мәдениетті дамыту және персоналды тарту мақсатында корпоративтік іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
  • персоналға бюджеттің жоспарлануын және жұмсалуын бақылау;
  • Қоғамда құжат айналымын, оның ішінде электронды құжат айналымын, архивке берілген құжаттарды есепке алу және сақтауды  қамтамасыз ету.
Қосымша ақпарат:
  • алдыңғы жұмыс орнынан кем дегенде екі ұсыныс хат болуы керек.

Қажетті қабілеттер

  • Стратегический менеджмент
  • 1C-Делопроизводитель
  • - Управление персоналом

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр