Экономика және қаржы департаментінің бюджеттеу және қазынашылық бөлімінің бас маманы

ТОО «KMG PetroChem» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
911

   Конкурс туралы

Міндеттер:

- қаржылық жоспарларды, болжамдық баланстарды және ақшалай қаражаттардың бюджеттерін, есептілікті жасау мерзімі мен тәртібін жасау;

- шығарылған аккредитив шеңберінде шарттар бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарын (инвойс, орындалған жұмыстар актілері және т. б.) тексеру (сомалардың сәйкестігін тексеру);

- қаржы құралдарына уақытша бос ақша қаражатын орналастыру, мониторингілеу, жинақтау және талдау, екінші деңгейдегі банктерде құжаттамалық аккредитив шығару, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы төлемдер жүргізуге қатысу;

- Серіктестік бизнес-жоспарының және бюджетінің құрылымына сәйкес бағдарламалар әкімшілері ұсынған өтінімдер негізінде Серіктестік бизнес-жоспарының және бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің баптары бойынша алдағы айға ақшалай қолма-қол ақшаны қалыптастыру;

- қаржылық және операциялық қызметтер көрсету процесін үйлестіру бойынша екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл жасау (шоттар бойынша үзінді көшірмелер, электрондық кілттер алу, қол қою үлгілерін және мөр бедерін ауыстыру).

Талаптар:

- экономика, қаржы саласындағы жоғары білім;

- лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

- өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, Серіктестіктің Жарғысы мен басқа да ішкі құжаттары саласындағы білім;

- мемлекеттік және орыс тілдерін білуі (міндеттерді орындауына байланысты) және ағылшын тілін  (intermediate) білуі құпталады;

- кәсіби салада мұнай-газ саласының халықаралық жобаларындағы жұмыс тәжірибесі.

Талаптар:

- жұмыс режимі 5/2

- демалыс - 30 күн

- медициналық сақтандыру (Интертич)

2023 жылы жұмыс орыны Атырау қаласына ауыстырылады

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр