Сатып алу басқармасының бастығы

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
67

Қаралған саны:
1507

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Жеткізу тізбегін дамыту шеңберінде сатып алу қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету:
    - Қоғам Басқармасының бекітуіне сатып алудың салалық регламентін шығару;
    2. Санаттарды басқару шеңберінде: 
    1) Cанаттарды басқару әдіснамасын қалыптастыру:
    - санаттар бойынша әдіснаманы қалыптастыру және түзету;
    - санаттарды басқару әдіснамасын келісуге шығару;
    - санаттарды басқару әдіснамасын бекітуге шығару;
    2) Cанаттарды айқындау және оларға басымдық беру:
    - басым санаттар тізімін қалыптастыру / өзектендіру
    - Санаттар тізбесіне басым санаттарды енгізу туралы сұраныс
    - басым санаттар тізімін келісу
    - уәкілетті орган бекіткен ТЖҚ санаттарының тізбесі.
    3) Сатып алу санаттық тобын құру
    - санаттық топқа мамандарды анықтау
    - санаттық топтың құрамын бекіту
    - сатып алу санаттық тобының құрамын келісу (Қордың БҚТ-на енгізу үшін)
    4) Сатып алу санаттық стратегиясын әзірлеу және бекіту
    - ішкі ортаны талдау
    - сыртқы ортаны талдау
    - сатып алу санаттарын басқару тәсілін анықтау
    - сатып алу тәсілін анықтау
    - сатып алу санаттық стратегиясының жобасын ресімдеу және келісу
    - қазақстандық жеткізушілер нарығы бойынша талдама ұсыну
    - сатып алу тәсілін келісу (қажет болған жағдайда)
    - бекітілген санаттық стратегия
    5) Сатып алынатын ТЖҚ үшін техникалық талаптар стандартын басқару:
    - техникалық талаптар стандартын келісу;
    - техникалық талаптар стандартын бекітуге шығару;
    6) Сатып алынатын номенклатураны біріздендіру:
    - ТМҚ шектеу тізбесін келісуге шығару;
    - ТЖҚ-ның шектелген тізбесін бекітуге шығару;
    - шектелген тізбеге енбеген материалдар қорын талдау;
    7) Сатып алу санаттық стратегиясын (бұдан әрі - ССС) әзірленуіне және іске асырылуына мониторинг жасау
    - ССС қайта қарау қажеттілігін бағалау
    - ССС үшін түзету іс-шаралары бойынша жоспар құру
    - ССС іске асырылу барысы туралы есептер қалыптастыру
    - ССС үшін түзету іс-шаралары бойынша жоспарды келісуге жолдау
    - ССС іске асыру барысы туралы апта сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есеп жіберу 
    8) Санаттық стратегияны басқару:
    - санаттық стратегияны келісуге шығару;
    - санаттық стратегияны бекітуге шығару;
    3. Жеткізу тізбегін жоспарлау бойынша міндеттерді орындау үшін:
    Сатып алуды жоспарлау:
    1) Сатып алуды жылдық жоспарлау:
    - ERP жүйесінде "Жүйеден тыс" деген белгі қою арқылы Тәртіптің 5-бабы бойынша позицияны айқындау;
    - сатып алудың жылдық жоспарын келісуге шығару;
    - сатып алудың жылдық жоспарын бекітуге шығару;
    2) Сатып алуды ұзақ мерзімді жоспарлау:
    - сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарын келісуге шығару;
    - сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарын бекітуге шығару;
    4. Сатып алу бойынша міндеттерді орындау үшін:
    - Сатып алу туралы өтінімдерді қарау:
    - Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы шарттарды келісу;
    - Төлем туралы өтінімді келісу;
    - Сатып алу бойынша материалдардың Сатып алу тәртібіне сәйкестігін қарау;
    5. Бақылау функциясы бөлігіндегі міндеттерді орындау үшін:
    - филиалдар іске асыратын сатып алуды өткізу процедураларына бақылау жасау;
    - филиалдардың контрагенттерді және сатып алудың нақты сомаларын көрсете отырып, жоспардың баптары бөлінісінде сатып алу жоспарының орындалуы бойынша толық және уақтылы есептілік ұсынуына бақылау жасау;
    - жасалған орталықтандырылған шарттар бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз ету талабына бақылау жасау.
    6. Жеткізушілерді басқару функциясы бөлігіндегі міндеттерді орындау үшін:
    - Алдын ала біліктілік іріктеу үшін санаттарды және біліктілік критерийлерін айқындау
    - Холдингтің сенімсіз әлеуетті жеткізушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізу
    7. Жеткізушіні таңдауды басқару функциясы бөлігіндегі міндеттерді орындау үшін:
    - Жүйеден тыс жүзеге асырылатын сатып алу тәртібіне сәйкес жүйеден тыс жүзеге асырылатын сатып алу бойынша жеткізушіні таңдауға бақылау жасау;
    - Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тиісті түрде сатып алу және өткізу процедураларын ұйымдастыру;
    - Сатып алу бойынша материалдардың Сатып алу тәртібіне сәйкестігін қарау;
    - Әлеуетті жеткізушілердің материалдарын сатып алу бастамашыларына одан әрі сараптамалық қорытынды беру үшін ұсыну;
    - Шарттар, оларға қосымша келісімдер жасасу;
    - Әлеуетті жеткізушілер енгізген өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару;

Талаптар:

  • Құқықтану және/немесе экономика және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржы және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар бейіні бойынша жоғары білім.
  • "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының қағидалары бойынша Мемлекеттік сатып алу және/немесе сатып алу саласында кемінде 3 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл немесе "Қазпошта" АҚ-да төмен тұрған лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Қажетті қабілеттер

  • 1С: Управление Закупками

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр