Жобаны қаржылық сүйемелдеу департаментінің қаржыландыру жөніндегі бас маманы

ТОО «KMG PetroChem» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
729

   Конкурс туралы

Міндеттер:

- «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу» инвестициялық жобаларын қарау үшін қажетті материалдарды дайындауға қатысу;

- жобаларды қаржы-экономикалық модельдеуге қатысу;

- болашақ мәмілеге инвестициялық талдау жасау;

- жоба бойынша талдау материалдарын дайындау;

- нарық жағдаятын талдау;

- инвестициялық процестер бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау, өзгерістер енгізудің орындылығын бақылау;

- болашақ кірістер мен шығыстарды есептеуге арналған  инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде одан әрі пайдалану мақсатында экономикалық жағдайларды болжау үшін  қаржылық ақпаратты талдау;

- жобаның инвестициялық қажеттілігін анықтау бөлігінде Серіктестіктің бизнес-жоспарын жасауға қатысу.

Талаптар:

- экономика және / немесе қаржы саласындағы жоғары кәсіби білім;

- корпоративтік қаржы және қаржылық менеджмент саласында магистратураның, CF NCAIA сертификаттарының және басқа да аналогтарының артықшылықпен болуы;

- лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

- ҚР Мұнай-газ-химия жобаларын іске асыру мен дамытуды айқындайтын ҚР заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу;

- қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) және басқарушылық есептіліктің қағидаттарын түсіну;

- мемлекеттік және орыс тілдерін білуі (міндеттерді орындауына байланысты) және ағылшын тілін білуі құпталады;

- MS Excel, MS PowerPoint және қаржылық модельдеу және жобаларды инвестициялық бағалау және талдау нәтижелерін визуализациялау үшін қолданылатын басқа бағдарламаларды пайдаланудың кәсіби деңгейі;

- корпоративтік қаржыландыру саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару дағдылары;

- инвестициялық жобаларды корпоративтік қаржыландыру әдіснамасы мен процестерін әзірлеу және жетілдіру дағдылары.

Шарттар:

- жұмыс режимі 5/2

- демалыс - 30 күн

- медициналық сақтандыру

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр