Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Басқарушы директор

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
935

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамда еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру және есепке алу тәртібінің және өндірістік департаменттерде болған технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Оқыту бағдарламаларын келіседі және қағидалар мен нормативтердің талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жұмыскерлерді оқытуға, оның ішінде жаңа жабдық пен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытуға қатысады;
  • "АлЭС" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы орындалуы міндетті нұсқаулар береді және оларға жауаптар алады;
  • Жазатайым оқиғаларды, сондай-ақ өндірістегі технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерудің және есепке алудың белгіленген тәртібінің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асырады;
  • Өндірістік департаменттер мен диспетчерлік басқармалардағы еңбек жағдайлары мен авариялыққа жедел талдау жүргізеді, қатерлерді бағалайды және өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі талаптармен анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
  • "АлЭС"АҚ ӨД қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі жылдық және перспективалық іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындалуын бақылайды.
  • "АлЭС" АҚ ӨД және жалпы "АлЭС"АҚ бойынша экологиялық қызметі бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептердің орындалуын бақылайды.
    Қоршаған ортаны қорғау органдарымен жобалық және есептік экологиялық құжаттаманы келісу бойынша жұмыстар жүргізеді.
  • Экологиялық ақпарат жинау жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Қоршаған ортаны қорғау бөлімдері бойынша сараптамаларды қарауды, ТЭН және жобаларды бекітуді ұйымдастырады.
  • ҚОӘБ жобалары мен табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарлары бойынша қоғамдық тыңдаулардың дайындығын бақылайды.
  • Басқарма Төрағасы үшін аналитикалық материалдар мен шолуларды, ақпараттық анықтамаларды дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Басқарма Төрағасының өкімдерінің, бұйрықтарының және тапсырмаларының орындалуын бақылайды;

Талаптар:

  • жоғары техникалық білім
  • компания тобында жұмыс тәжірибесі бар ішкі кандидаттар мен кадр резервінде тұрған қызметкерлерді қоспағанда, жұмыс өтілі кемінде 7 жыл және кәсіби салада басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл
    өндіріс қауіпсіздігі
  • еңбекті қорғау жөніндегі NEBOSH сертификатының болғаны дұрыс.

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр