Қаржы директоры/

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
681

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  •  Нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес шаруашылық қызметті оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған филиалдағы экономикалық жоспарлау бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асыру, филиал жұмысының үлкен тиімділігіне жету мақсатында, өндіріс резервтерін анықтау және пайдалану;
  • Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі және салық салу, Қоғамның есептік саясаты және салықтық есептік саясаты саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ТЖД қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • Бухгалтерлік есепті және есептілікті жүргізудің қағидаттарын және қағидаларын белгілейтін бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жедел басшылық етуге және басқаруға қажет ТЖД қызметінің шаруашылық үдерістері және қаржылық нәтижелері туралы толық және нақты ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
  • ҚР салық заңнамасына сәйкес ТЖД салық міндеттемелерінің, оның ішінде бюджетке салықтарды және өзге міндетті төлемдерді есептеудің және төлеудің, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің, толық және уақытында орындалуын, белгіленген тәртіпте салық органына салық үлгілерін жасауды және ұсынуды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • Филиалдың қаржылық ресурстары қозғалысын басқаруды және қаржылық қатынастарды реттеуді ұйымдастыру;
  • Филиал бөлімшелеріне жоспарлы тапсырмаларды жеткізуді қамтамасыз ету;
  • Белгіленген мерзімдерде мерзімдік есептілікті дайындауды ұйымдастыру және бақылау;
  • Еңбекті төлеу қорының есебіне бақылауды жүзеге асыру;
  • Еңбекақы фондының шығындарын басқаруды жасақтау, қосымша ақы және үстеме, жұмыскерлерге разряд қою, лауазымдық жалақысын (тарифтік төлем) бағалау, еңбекақы жүйесін және формаларды дұрыс қолдану;
  • Қаржы ресурстары қозғалысын басқаруды және қаржы қатынастарын реттеуді ұйымдастыру;
  • Штаттық кестені жасау бойынша басқаруды, штаттық тәртіпті сақтау үшін бақылауды, кәсіптер және лауазымдар атауының, лауазымдық жалақының дұрыс белгіленуін;
  • Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес филиалдың шығындарын оңтайландыру бойынша ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
  • Көліктік тасымалдау және бюджеттердің қимасындағы (ОБ/БКВ) шығындарды филиалдарға-алушыларға беру бойынша қосымша шығындар үлестері есебінің дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру.
  • «Қызметтер мен Жұмыстар - SSC» базасындағы Қаржы ОҚО үшін көрсетілген қызметтер/жұмыстар бойынша ресімдеу, қол қою бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін бақылауды жүзеге сыру;
  • Филиалдардың көліктік және пошталық қызметтерін жабуда дұрыс беру үшін бақылауды жүзеге асыру;
  • Ол басқаратын бөлімнің жұмысын үйлестіру. Бөлімнің құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау;
  • Ақша қаражатының бюджетін әзірлеуді, оны келісуді және «Қазақтелеком» АҚ қорғауды жүзеге асыру.
  • Барлық бюджет бөлігін үйлестіруін және келесуін жасақтау, сәйкес есептердің болуы және оларға негіздеме;
  • SAP R3 жүйесінде жүргізілетін жұмыстардың бақылануын жүзеге асыру;
  • Бюджет бойынша SAP-та түзетулердің бақылауын жүзеге асыру;
  • Төлем бойынша бақылауды және олардың бюджетке сәйкес келуін жүзеге асыру;
  • Қаржылық қызметке тиесілі қарыз беру бойынша комиссияға қатысу;
  • Бюджетті орындау бойынша бас директорға ақпарат беру;
  • Бірінші басшының нұсқауы бойынша туындаған проблемалар бойынша бірыңғай талдауларды жүргізу кезінде басшылықты жүзеге асыру;
  • «Қазақтелеком» АҚ бұйрықтарының және ереженің негізінде сыйақы, көтермелеу мөлшерін бас директордың қарауына ұсыну;

Талаптар:

  • Қаржы директордың жоғары білімі (қаржылық, экономикалық немесе инжинерлік-экономикалық) және телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы қажет
  • SAP MM жүйесін, Microsoft Word, Excel, Lotus Notes

Қажетті қабілеттер

  • Контроль и управление финансовыми ресурсами

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр