Мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі маман

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Жоба
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
784

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Филиалдың іс жүргізуінде мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмыстар жүргізуге; Қоғамның іс жүргізуде мемлекеттік тілді енгізу бойынша нормативтік құжаттарды филиалдың бөлімшелеріне және құрылымдық бірліктеріне дейін жеткізуге;
  • Мемлекеттік тілде құжаттар (өкімдік құжаттар, бөлімшелер, құрылымдық бірліктер бойынша шамадағы шығыс хат-хабарлары, хаттамалық шешімдер және т.б.) дайындау мониторингін қамтамасыз етуге және осы мәселе бойынша есептер ұсынуға;
  • Филиалдың бөлімшелері және құрылымдық бірліктерде іс жүргізуде мемлекеттік тілді енгізу мәселесі бойынша әдістемелік көмек көрсетуге; Көлемді өкімдік құжаттарды аударуға көмек көрсетуге.
  • Өндірістік қажеттілікке байланысты, жоғарыдағы органдарға (Қоғамның Орталық аппаратына, мемлекеттік мекемелерге) жіберілетін құжаттарды мемлекеттік тілге аударуды іске асыруға;
  • Филиал қызметкерлерін оқыту жүйесін жасауға, жоғарыдағы ұйымдардың тапсырыстары бойынша және оқыту санаттары бойынша тұрақты есептіліктерді уақытында ұсынуды қамтамасыз етуге;
  • Мемлекеттік тілді енгізумен байланысты іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге;
  • Мемлекеттік тілді енгізу бойынша іс-шаралар өткізуге шығындар мониторингін жасауға және Қоғамның ОА тоқсандық ақпараттар ұсынуға;
  • Филиалдың іс жүргізуде мемлекеттік тілді енгізу бойынша Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуге;
  • Басшылармен өткізілетін кеңестер мен мәжілістерге дайындық бойынша жұмыстарды (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды күні, уақыты және өтетін орны, күн тәртібі туралы хабардар ету, қатысушыларды тізімге алу) орындауға, кеңестер мен мәжілістердің хаттамаларын жүргізуге және «Хаттамалар шешімін» БД ресімдеуге;
  • Кеңестердің хаттамалық шешімдерін, тапсырмаларын және шешімдерді орындау мониторингін жасауға.
  • Орындалатын тәртіп туралы аналитикалық ай сайынғы ақпараттың және тапсырмалардың орындалу қорытындысы және барысы туралы ақпаратты дайындауға және ұсыну;
  • Кадрлық іс жүргізу.

Талаптар:

  • жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
  • мемлекеттік тілді, құжат айналымы және іс жүргізу негіздерін меңгеру; ғылыми-техникалық аударма әдістемесін меңгеру, кадрлық іс жүргізуді меңгеру.
  • Логикалық ойлауды меңгеру, объективті, принципті, әдепті, көпшіл және ұйымшыл болу.

Қажетті қабілеттер

  • Логическое мышление
  • - Коммуникативные навыки (организация совещаний, семинаров).
  • - уверенный пользователь ПК, пакет ПО MicrosoftOffice.
  • - организаторские способности;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр