Қаржы қызметтері жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
45

Қаралған саны:
1521

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1. Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтау және бағалау.
2. Сату жоспарын іске асыру:
- Қаржылық және агенттік қызметтердің жылдық сату жоспарын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету;
- Сату жоспарларын, басым сату арналарын орындау үшін қажетті ресурстарды анықтау, сату жоспарларын бөлу және оларды филиалдарға жеткізуді қамтамасыз ету.
3. Өнім желісін басқару, қаржы өнімдері мен қызметтерін дамыту:
- Қаржылық қызметтердің ағымдағы портфелін талдауды қамтамасыз ету;
- Қаржы қызметтерінің жаңа тұжырымдамасын, лицензияланатын қызмет түрлерін дамыту жөніндегі тұжырымдаманы (брокерлік және трансфер-агенттік қызмет) айқындау, әзірлеу және іске асыру;
- Жаңа қаржылық және агенттік қызметтерді (электрондық ақша, әлеуметтік карта, клиенттерді верификациялау жүйесі және т.б.) әзірлеу және енгізу процестерін басқару;
- Операциялық тәуекелдерді, өзіндік құнды төмендету, қызметтердің кірістілігін арттыру және компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы өнім желісін басқару.
4. Қажетті жабдыққа қажеттіліктерді анықтау.
5. Бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжиниринг.
6. Жақсарту мүмкіндіктерін анықтау.
7. Тәуекелдерді басқару.
8. Жобаларды басқару.
9. Негізгі ішкі өзара қарым-қатынастарды басқару.
10. Негізгі сыртқы қатынастарды басқару.
11. Персоналды басқару.

Талаптар:

Білімі:

Экономика, қаржы, халықаралық қатынастар және бизнес-функциямен байланысты басқа да бағыттағы жоғары кәсіби білім. МВА дәрежесінің болуы құпталады.

 Жұмыс тәжірибесі:

- Кең сату желісі бар ұйымдарда (банктер, телекоммуникациялық компаниялар, бөлшек сауда желілері, пошта технологиялары және логистика) сату саласында кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Ірі кешенді жобаларды басқару тәжірибесін қоса алғанда, ірі қазақстандық немесе халықаралық компанияда басқарушылық жұмыста, өндірістік компанияда, инвестициялық топта «Қазпошта»АҚ-дағы осы деңгейге баламалы жоғары басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) қаржы қызметтерін және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу қызметтерін ұсыну және (немесе) реттеу саласында еңбек өтілінің болуы.
- Ірі компанияға өзгерістер енгізу бойынша табысты жұмыс тәжірибесінің болуы.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Қажетті қабілеттер

  • Финансы