Пошта сервисі жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
31

Қаралған саны:
1438

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1. Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтау және бағалау. Бизнесті дамыту басымдықтарына сәйкес Компанияның ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуге үлес қосады және Компанияның нарықтағы бизнес-позициясын сақтау және одан әрі нығайту мақсатында:
1) бизнес бағыттары (пошта қызметтері, логистика, электрондық коммерция, серіктестік желі) бойынша ұзақ мерзімді стратегияны әзірлегені және іске асырғаны үшін;
2) Жеке және электрондық сату арналарын дамыту стратегиясын әзірлегені және іске асырғаны үшін;
3) сыртқы ортаны талдауды, сатудың жаңа арналарын анықтау мен дамытуды, ұзақ мерзімді өзгерістерді болжауды және бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтауды қоса алғанда, пошта-логистикалық сатуды басқарудың жаңа тұжырымдамасын енгізгені және іске асырғаны үшін;
4) ұзақ мерзімді өзгерістерді болжау және пошта қызметтері бизнесін, логистиканы және электрондық коммерцияны дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтағаны үшін жауапты.
2. Сату жоспарын іске асыру.
3. Пошта өнімдерін, көрсетілетін қызметтерді және электрондық коммерцияны дамыту.
4. Халықаралық ынтымақтастық.
5. Логистика.
6. Бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжиниринг.
7. Ғимараттар мен құрылыстар бөлігінде активтерді дамыту стратегиясын басқару.
8. Тәуекелдерді басқару.
9. Жобаларды басқару.
10. Негізгі ішкі өзара қарым-қатынастарды басқару.
11. Персоналды басқару.

Талаптар:

Білімі:

Экономика, қаржы, халықаралық қатынастар байланысы және бизнес-функциямен байланысты басқа да бағыттар саласында жоғары кәсіби білім. МВА дәрежесінің болуы құпталады. Пошта технологияларын, логистиканы, процестерді жетілдіру, сапасын жақсарту саласында халықаралық пошта ұйымдары сертификаттарының болғаны құпталады.

Жұмыс тәжірибесі:

- Кең сату желісі бар ұйымдарда (телекоммуникациялық компаниялар, бөлшек сауда желілері, пошта технологиялары және логистика, электрондық коммерция) кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Ірі кешенді жобаларды басқару тәжірибесін қоса алғанда, ірі қазақстандық немесе халықаралық компанияда басқарушылық жұмыста, өндірістік компанияда, инвестициялық топта «Қазпошта»АҚ-дағы осы деңгейге баламалы жоғары басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) қаржы қызметтерін және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу қызметтерін ұсыну және (немесе) реттеу саласындағы еңбек өтілі.
- Ірі компанияға өзгерістер енгізу бойынша табысты жұмыс тәжірибесінің болуы, , ірі қазақстандық немесе халықаралық компанияда, өндірістік компанияда бизнес-процестерді жаңғырту және өзгерту, жаңа өндірістік процестерді құру.

Шарттар:

5 күндік жұмыс аптасы, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.