ҚБД B2B Желіні дамыту бөлімінің аға электромонтері, Орал қ.

«Қазақтелеком» АҚ Орал қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
590

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  •  Корпоративтік бизнес бөлімшесі қызметінің бағыты бойынша телефон желісін ағымдағы дамыту;
  • Жаңа қондырғыларға нарядтарды орындау, қалпына келтіру, құлпын ашу, ауыстыру және өзге де жұмыстар, оның ішінде қызметтерді алу (ажырату) және бақылау мерзімдерінде терминалдық жабдықты алып қою;
  • Жаңадан салынған және қайта жаңартылған абоненттік желілерді пайдалануға беру;
  • Жұмыстардың барлық түрлерін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша белгіленген нормалар мен қағидаларды сақтау;
  • Бағдарламалық кешендердегі нарядтарды өңдеу;
  • Тауарлық-материалдық құндылықтардың болуы мен қозғалысын есепке алу, оның ішінде теңгерімдегі бөлімше қызметінің бағыты бойынша терминалдық жабдықты есепке алу (ТЖЕА), сондай-ақ есептілік;
  • Өндірістік міндеттерді орындау үшін қажетті жабдықтарды, қосалқы бөлшектер материалдарын, арнайы киімдерді сатып алуға өтінімдер қалыптастыру; 
  • Үдерістер регламенттерін және Қоғамның басқа да өкімдік және ішкі құжаттарын уақтылы және дәл орындау (корпоративтік бизнес бөлімшесі қызметінің бағыты бойынша);
  • КБД және ОА басшылығының сұраныстары бойынша деректерді жинау және уақтылы ұсыну;
  • Қажеттілігі бойынша ӘБЖ-де техникалық мүмкіндіктің болуын анықтау; 
  • Тікелей басшының нұсқауларын, өкімдерін және қосымша тапсырмаларын орындау;
  • Еңбек тәртібін және орындаушылық тәртіпті сақтау;
  • Өндірістік-техникалық оқу сабақтарына қатысу және әдебиетті өз бетінше оқып-үйрену арқылы біліктілігін арттыру;
  • Еңбек қызметі үдерісінде белгілі болған кез келген мемлекеттік құпияларға, қызметтік ақпаратқа, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді (оның ішінде құжаттарды) сақтау;
  • Біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарын орындау, сәйкессіздіктердің себептерін жою мақсатында алдын алу әрекеттерін қабылдау және түзету әрекеттерін орындау;
  • Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бекітілген бақылау рәсімдері мен үдерістері шеңберінде өз міндеттерін орындау;
  • Телекоммуникация желісіне абоненттік терминалдарды /негізгі телефон аппараттарын (НТА) қосу жөніндегі жұмыстарды орындау;
  • Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша белгіленген нормалар мен қағидаларды сақтай отырып, тта және КЖҚ қызметтерін инсталляцияға келіп түскен нарядтардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • НТА және КЖҚ қызметтерін орнату бойынша жұмыстарды орындау; 
  • Ғимаратта кабельді сыртқы және ішкі тарту бойынша жұмыстарды орындау; 
  • Ауыстырып қосуға және қайта орнатуға нарядтарды орындау;
  • Техникалық шарттарға сәйкес кабель тарту бойынша қарау құрылғыларында жұмысты жүзеге асыру;
  • ЖДО басшыларының тапсырмасы бойынша цехқа бекітілген және лауазымдық нұсқаулықта ескерілмеген басқа да жұмыс түрлерін орындау;
  • Анықталған сәйкессіздіктер туралы кәсіпорын басшылығын уақтылы хабардар ету;
  • Өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлау;
  • Жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын қолдану және мақсаты бойынша пайдалану 

Талаптар:

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж