Бөлім бастығы (өнеркәсіпте) (ұңғыма іші жұмыстарына қызмет көрсету жөніндегі)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
833

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• ұңғымаішілік жұмыстарды жүргізуге қажетті жабдықтарды айқындау (соның ішінде кемелер) және олардың бизнес талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
• ұңғымаларды аяқтау және ұңғымаішілік жұмыстарына пәрменді үлес қосу үшін Қауіп-қатер көздерін және пайдалануға жарамдылықты талдау (HAZOP), Қауіпті факторларды анықтау (HAZID) және Тәуекелді сандық бағалау (QRA) тексерістеріне қатысу;
• ұңғымалар мен жинауышты басқару жұмыстарының толық көлемін қамту үшін шағын кемелерді пайдаланып орындалатын ұңғымаішілік операциялар бойынша келісімшарттардың әзірленуіне қолдау көрсету;
• ұңғымаішілік жұмыстарды жоспарлау және орындау кезеңдерінде ДЕҚОҚ мәселелеріне назар аударылуын қамтамасыз ету;
• Қашаған кен орнына тән ұңғымаішілік жұмыстар бойынша процедуралардың әзірленуіне қолдау көрсету;
• Қашаған кен орнының Ұңғымалардың тұтастығын бақылау жүйесін, сонымен қатар электрондық жүйесін жүргізу; электрондық қашықтық өлшеуіш және т.б., осының Қазақстан Республикасының ұңғымалардың бүтіндігі бойынша 
заңнамасына сәйкес болуын қамтамасыз ету; жоспарлы ұңғымаішілік жұмыстардың дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін кен орындағы және 
мердігердің қызметкерлерімен тығыз жұмыс істеу;
• ұңғымаішілік жұмыстарды жақсарту үшін жаңа технологияларды пайдалануға қолдау көрсету;
• шығындарды жете қадағалау; 
• алынған сабақты пайдаға асыру;
• тұтастықты қалпына келтіру және өндірісті оңтайландыру мақсатында ұңғымаішілік жұмыстардағы ұңғыманы пайдалану коэффициентін ұлғайту үшін жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды іске асыру. 

Талаптар:

• тиісті жоғары білімі, мысалы, мұнай өндіру технологиясы, инженерлік механика;
• ТМД аумағында немесе Каспий өңіріндегі елдерде жұмыс тәжірибесінің болуы лазым;
• техникалық, ұңғыма бұрғылау, аяқтау және ұңғымаішілік жұмыстар бойынша кемінде 8-10 жыл жұмыс тәжірибесі;
• барлық салалар бойынша ТҚ-2 ретіндегі кем дегенде12 жыл жұмыс тәжірибесі;
• жоғары қысымды ұңғымаларды жобалау, пайдалану және техникалық күтім жасау бойынша дағдылары; 
• сырғымалы муфтаны түсіру, электрлік каротаж жүргізу, иілгіш сорғы-компрессорлық құбырларға және бұрғылау қондырғысыз ұңғымаішілік жұмыстарды орындауға қатысты мол тәжірибесі;
• H2S мөлшері жоғары ортада жұмыс жүргізу тәжірибесі;
• SAP жүйесі, Нысандардың дайындығы туралы есеп, Жобаны бақылау және тиімділігін қамтамасыз ету жоспары, Ұңғымалардың тұтастығын бақылаудың электрондық жүйесі мен Ұңғыманың бақылануын қамтамасыз ету құралдары бойынша дағдысы;
• ағылшын тілін ауызша және жазбаша жетік білу, оның ішінде ағылшын тілінде жасалған техникалық құжаттар мен мәтіндерді жақсы түсіну.
• ұңғымалық операциялар және ұңғымаішілік жұмыстар (каротаж сымы), ұңғыманы күрделі жөндеу, сынау, ұңғымаға техникалық күтім жасау;
• өндірістік операциялар бойынша жан-жақты білімі;
• ұңғыма құжаттамасын, яғни стратегияларды, нұсқаулықтар мен процедураларды әзірлеу тәжірибесі;
• мәселелерді шешу және талдаумен қоса шешім қабылдауда үздік тәсілдер қолдану қабілеті;
• ағымдағы және жоспарланған жұмыс көлемі шеңберінде өзінің және топтың басымдықтарын анықтап, нәтижелі жолмен орындай білетін бастамашыл тұлға болу;
• тиімді қарым-қатынас жасау машықтары, ауызша және жазбаша, соның ішінде презентация жасау және тиімді есеп жазу қабілеті; 
• көпұлтты топта жұмыс істей білу қабілеті - көп салалы, түрлі мәдениет өкілдерінен құралған және түрлі жерлерде орналасқан ортада араласу, түсіну және жұмыс істей білу, басқалармен ынтымақтаса жұмыс істеу;
• шетелдік және қазақстандық қызметкерлерден тұратын ұжымды басқару және тәлімгерлік ету және ықтимал дағдыларды айқындау және дамыту қабілеті. 

Шарттар:

  • 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)