Пайдалану қызметінің бас маманы (электр-техникалық жабдықтар жөніндегі)

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1122

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Департаменттер инвестициялық бағдарламасының электр-техникалық жабдықтар бөлігін әзірлеуге және жасауға қатысу;
  • «АлЭС» АҚ бойынша негізгі электр-техникалық жабдықтарды жөндеудің әрбір келесі жылға арналған жоспарын әзірлеу және жасау;
  • «АлЭС» АҚ электр-техникалық жабдықтарын жөндеудің әр айға арналған кестесін жасау және бақылау;
  • Қоғамның электр-техникалық жабдықтарды авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен жөндеуді тексеру және қабылдау жөніндегі, сондай-ақ құрылыс аяқталғаннан кейінгі комиссиясының құрамына қатысу;
  • Негізгі электр-техникалық жабдықтарды жөндеуге шығаруға арналған жедел өтінімдерді күн сайын қарап және келісіп отыру;
  • Қоңғам ӨД-леріне оқшауламаны пайдалану, жоғары кернеулі жабдықтарды, электр машиналарын асқын кернеуден қорғау, жоғары вольтты сынақтар, өлшеумдер бойынша техникалық жәрдем көрсету;
  • АТҚ жабдықтары оқшауламасының ластануына қарсы күрес бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау;
  • Қоғам ӨД-лерінде маймен толтырылған 110 кВ және одан жоғары өтпелі оқшаулатқыштардың (кіргізімдердің) пайдаланылуын бақылау;
  • Қоғам ӨД-лерімен бірлесіп электр станцияларындағы негізгі электр жабдықтары оқшауламасының мерзімі мен тозуын бақылау;
  • Энергия жүйесіндегі негізгі жабдықтың жоғары вольтты оқшауламасын жөндеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу және жөндеу технологиясын қадағалау;
  • Қоғамның ӨД негізгі жабдықтарына жоғары вольтты сынақтар жүргізуді үйлестіру;
  • Осы лауазымның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар, нұсқаулар жобаларын дайындау, техникалық кеңестер ұйымдастыру;
  • Электр-техникалық жабдықтарға жылуға ден қою зерттеулерін жүргізу.
  • Бас кеңсе ғимаратының дизель-генераторлық құрылғысының жұмысын бақылау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Электр жабдықтарының зақымдануларын есепке алу және талдау. Жетекшілік ететін жабдық бойынша мәліметтерді мерзімді түрде жаңартып отырады. ӨД-мен бірлесіп электр жабдықтарының зақымдануын төмендету және оларды директивалық құжаттардың талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
  • ӨД-лерде өндірістік қызметтер үшін жоспарланған жылға және ұзақ мерзімді кезеңге арналған Техникалық ерекшеліктерді әзірлеу, келісу мен бекіту үдерісін бақылау.
  • Лауазымдық міндеттер шеңбері бойынша электрондық бағдарламалық кешендерде (1С) деректер енгізу, анықтамалықтарды жүргізу және өзектендіру.

Талаптар:

  • ЖЭС мамандығы бойынша жоғары техникалық білім
  • Бейін бойынша лауазымдағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес

Шарттар:

  • Жұмыс кестесі: 08.00-17.00 (дүйсенбіден жұмаға дейін)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр