Заң департаментінің жетекші заңгері

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
65

Қаралған саны:
1495

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • жетекшілік ететін бағыттар бойынша, соның ішінде келіссөздерге қатысу немесе қолдау, құқықтық мәселелер бойынша серіктестермен, оператормен (агенттермен) немесе контрагенттермен өзара әрекеттестік, құжаттарды дайындау және құқықтық сараптау, заңи қорытындыларды дайындау, заңнаманы талдау, құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру арқылы Компанияның жобалық қызметіне құқықтық сүйемелдеу. Жобалық қызметтің жетекшілік ететін бағыттарын Департамент директоры немесе Филиал басшылығы айқындайды;
  • департамент директорының немесе басшылықтың тапсырмасы бойынша Компанияның мүдделерін комитеттерде, кіші комитеттерде немесе СКЖ-ң өзге де топтарында және басқа да жобаларда білдіру;
  • Филиалдың бас директоры, Директорлар кеңесі және Компания Акционерлерінің жалпы жиналысы шешімдерінің жобаларын, ішкі нормативтік құжаттарды, Компанияның жобалау құжаттарын, шарттарды, сенімхаттарды және Компания мен Филиалдың басқа да құжаттарын дайындау және құқықтық сараптау;
  • еңбек дауларын қарастыру, еңбек мәселелері жөнінде кеңес беру;
  • Компанияның/Филиалдың заң кеңесшілерімен өзара әрекеттесу;
  • сенімхат немесе басқа құжат негізінде (қажет болған жағдайда) үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста, мемлекеттік органдарда, соттарда және Қазақстан Республикасының төрелік органдарында Компанияның мүдделерін қорғау;
  • жетекшілік ететін мәселелер/бағыттар аясында Компания қызметін жүзеге асырумен байланысты құқықтық тәуекелдерді айқындау және азайту;
  • жетекшілік ететін қызмет бағыттары шеңберінде ұжымды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, Компанияның жобалық келісімдерінің елеулі шарттары туралы ақпаратпен таныстыру бойынша жұмыс жүргізу, тақырыптық презентациялар өткізу;
  • жетекшілік ететін қызмет бағыттары аясында ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру.

Талаптар:

  • Жоғары заңгерлік білім;
  • Юриспруденцияда, халықаралық және (немесе) қазақстандық заң компанияларында және (немесе) мемлекеттік органдарда және (немесе) мемлекеттік сыңайлы сектор компанияларында және (немесе) жеке немесе шетелдік мұнайгаз компанияларында кемінде 3 (үш) жыл;
  • Жер қойнауын пайдаланушының қызметіне, оның ішінде салық, экологиялық, кеден, құрылыс, құқықтың әкімшілік салаларына қатысты құқық қолдану қызметінің тәжірибесі артықшылықта;
  • Мемлекеттік органдармен құқықтық және басқа да мәселелер бойынша жұмыс тәжірибесі;
  • Ағылшын тілі – «Upper Intermediate» деңгейі.

Шарттары:

  • Жұмыс тәртібі - 5/2

Қажетті қабілеттер

  • Ведение переговоров
  • Подготовка презентаций
  • ЭФФЕКТИВНАЯ КОММУНИКАЦИЯ
  • Правовой анализ
  • Написание правовых заключений
  • Составление правовых документов

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)