Комплаенс құзыреттілік орталығының бас менеджері

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
50

Қаралған саны:
1908

   Конкурс туралы

Жобаларды басқару

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім.

Мүмкіндігінше ACCA, DipIFR, ICA International Diploma in Governance Risk and Compliance сертификатының болуы.

Кемінде 5 жыл (егер комплаенс функцияларын арнайы комплаенс қызметі болмаған кезде осындай бөлімшелер орындаса, ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент, заңдық сүйемелдеу бөлімшелерін қоса алғанда).

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы тиіс.

Талап етілетін білім:

  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР заңы;
  • ҚР Еңбек, Азаматтық, Қылмыстық кодекстері;
  • ҚР Кәсіпкерлік кодексі
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР заңы;
  • Комплаенс-тәуекелді басқаруды ішкі бақылауды жүзеге асыру саласындағы өзге заңдар мен талаптар.

Талап етілетін дағдылар:

  • * комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуде, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестер мониторингі бойынша іс-шараларды жүргізуде, тергеп-тексерулер жүргізуде, этика және комплаенс саласында есептілікті қалыптастыруда;
  • * аналитикалық ақпаратты дайындау бойынша жұмыстар;
  • * ақпараттық жүйелермен жұмыс
  • * іскерлік хат алмасуды жүргізу;
  • * әр түрлі деңгейдегі және ауқымдағы іс-шараларды ұйымдастырудағы, әр түрлі деңгейдегі қатысушылар үшін жұмыстар;
  • * өзгерістерді басқару принциптерін, әдіснамасын және құралдарын қолдана білу, жақсырақ Prosci (ADKAR) / ACMP/Kotter;
  • * жобадағы CMG қажетті ресурстарын анықтай білу;
  • * қызметті жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті;
  • * презентациялар мен көпшілік алдында сөз сөйлеу;
  • * стратегияны түсіну және мақсаттар мен міндеттерге декомпозиция жасай білу;
  • * MS Office тәжірибелі қолданушысы (негізінен MS Excel, MS PowerPoint, MS Project);
  • * қызмет бағыттары бойынша тәуекелдерді сәйкестендіре және басқара білу.

Құзыреттілікке қойылатын талаптар:

  • стратегиялық көзқарас
  • адамдарды басқару
  • көшбасшылық
  • нәтижеге бағдарлану
  • жауапкершілік
  • командада жұмыс істеу
  • коммуникация дағдылары
өзгерістерді басқару