Мемлекеттік тіл секторының маманы Павлодар қ

«Қазақтелеком» АҚ Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
567

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1. Филиалда "Қазақтелеком" АҚ мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жұмыстар жүргізу;
  • 2. Филиал жұмыскерлері арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шаралар жүргізу (конкурстар, вебинарлар, акциялар және басқа да іс-шаралар);
  • 3. Филиал жұмыскерлерін қазақ тіліне оқытуды (барлық формалар бойынша) ұйымдастыруға қатысу (тиісті тілдік деңгейлер бойынша топтар құру, оқу үдерісін бақылау және мониторингі, қазақ тіліне қашықтан тестілеу өткізу үшін жұмыскерлер тізімін жасау және т.б.);
  • 4. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде жасалған құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және жұмыскерлер дайындаған аудармаға сараптама жасау (стилистикалық бақылау) және редакциялау;
  • 5. Филиалдағы мемлекеттік тіл бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындауға қатысу

Талаптар:

  • Лингвистика, тілді оқыту әдістемесі және аударма саласындағы жоғары филологиялық білім (қазақ тілі), жұмыс өтілі кемінде 2 жыл
  • орыс тілі (еркін)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр