Жетекші маман

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
752

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Қазақстан Республикасының заңнамасына, келісімдерге, ұжымдық шартқа, актілерге және ішкі бақыланатын құжаттарға, сондай-ақ Компанияның саясаттары мен нұсқаулықтарына сәйкес Компания қызметкерлері мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастарын, оның ішінде қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару (еңбек шарттарын тоқтату/бұзу) жөніндегі құжаттаманы дұрыс және уақтылы ресімдеу; • Еңбек шарттарының жобаларын, еңбек шарттарына қосымша келісімдерді дұрыс және уақтылы дайындау, сондай-ақ Компанияның жеке құрамы бойынша құжаттарды жүргізу/дайындау және қызметкерлердің аталған құжаттарға уақтылы қол қоюы; • Жаңа жұмыскерді жұмысқа қабылдау кезінде және/немесе дербес деректері, еңбек шартының талаптары өзгерген кезде жеке құрамның есебін, Т-2 карточкасын жүргізу және т. б.; • Еңбек кітапшаларын дұрыс толтыру, есебін жүргізу, сақтау. Еңбек кітапшаларын беру, еңбек өтілін есептеу, жұмыскерлердің осы және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтама беру; • Еңбек кітапшаларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді көтермелеу және марапаттау туралы жазбаларды дұрыс жүргізу; • ҚР заңнамасына және Компанияның ішкі талаптарына сәйкес жұмыскерлердің жеке істерін толық жинақтауды қамтамасыз ету: - жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде жұмыскерлердің жеке істерін дұрыс және уақтылы қалыптастыру; - еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізу және жүргізу; - жұмыскерлердің жеке істерін (оның ішінде жұмыскерлердің жеке деректерін қамтитын құжаттарды) арнайы металл файл кабинетте толық сақтауды қамтамасыз ету. - құжаттардың ішкі тізімдемесін дұрыс және уақтылы жасау, одан әрі оны қызметкерлердің жеке істеріне салу (бұл ретте маман оған қол қоюы, қойылған қолдың толық жазылуын көрсетуі және жасалған күнін қоюы тиіс); Ескертпе: Шымкент қ. кеңсесі жұмыскерлерінің жеке істеріне Кадрлық басқару бөлімінің жұмыскерлері мен Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментының директоры ғана қол жеткізе алады. Маман "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және жұмыс берушінің ішкі актілеріне сәйкес жұмыскерлер туралы дербес мәліметтердің сақталуын/жария етілмеуін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдайды; • Офистік құрылғыны (ұйымдастыру техникасы) пайдалану құрамында жұмыскерлердің құпия (дербес) деректері бар бүлінген қағаздар, шимайлар және алаяқтық немесе жеке деректерді ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін басқа да құжаттарды ұсақтауға/ жоюға арналған шредер; • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды жұмысқа қабылдау кезіндегі талап; • Қызметкерлердің деректерін есепке алудың электрондық базасына шынайы ақпаратты (бастапқы және бастапқы емес) дұрыс енгізу, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын бақылау. Деректер дерекқорға жұмысқа қабылдау, жеке және басқа кадрлық деректерді ауыстыру немесе өзгерту бойынша уақтылы және дұрыс енгізілуі керек; • Тиісті журналдарға төмендегі құжаттармен жұмыскерлерге қол қойдыра отырып уақтылы таныстыру: ‐ Жұмыс берушінің актілерімен (жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахталар кестелері, демалыс кестелері) ‐ Қадағалау кеңесінде және қатысушылардың жалпы жиналысында бекітілген құжаттармен, сондай-ақ Компания жұмыскерлерінің танысуы үшін міндетті бақыланатын құжаттармен; ‐ Басқа құжаттар (саясат, ұжымдық келісім және т.б.)); • Жұмыскерлердің (жұмыс істеп жүрген және жұмыстан босатылған) жеке істерінің электрондық мұрағатын қалыптастыру; • Жұмыскерлердің демалыс беру есебін жүргізу: демалыс кестелерінің уақтылы жасалуын және сақталуын, олардың бекітілуін және оларға өзгерістер енгізілуін бақылау; • Өз құзыреті шегінде аралас бөлімшелердің жұмыскерлерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау; • Шымкент қ. кеңсесі жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын (бұдан әрі - ЛН) басып шығару және бекіту процесін үйлестіру:  Құрылымдық бөлімше басшысынан ЛН жобасын алу;  "Лауазым туралы жалпы ақпаратты" толтыру (бөлімше басшысынан ЛН жобасын алған сәттен бастап 1 күн ішінде);  Компанияда бекітілген біліктілік талаптары мен құзыреттерімен "Біліктілік талаптарын" толықтыру (бөлімше басшысынан ЛН жобасын алған сәттен бастап 1 күн ішінде);  электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) арқылы ЛН жобасын келісуге: 1) бөлімше басшысы – ЛН бастамашысына 2) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына және 3) Корпоративтік даму басқармасына және Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директорына немесе осыған уәкілетті тұлғаға бекіту үшін жіберу;  бекітілген ЛН алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде ЛН-ты қазақ тіліне (қажет болған жағдайда ағылшын тіліне) аударуға жіберу;  жұмыскерлерді қабылдау немесе басқа лауазымға ауыстыру кезінде қол қойылған бір көшірмені жұмыскердің қолына бере отырып және екінші көшірмесін КББ-де сақтай отырып, бекітілен ЛН-ң көшірмесімен таныстыру;  қол қойылған ЛН-ты КББ-нің жеке Регистр-папкаларында тиісті сақтау. • Жұмыскерлердің жұмыс және жұмыстан тыс уақытын дұрыс және уақтылы есепке алу: жеке құрам мен демалыстар бойынша бұйрықтарды, барлық кадрлық іс-шаралар бойынша жұмыс берушінің басқа да актілерін дайындау және ресімдеу (болмаудың барлық түрлері, үстеме жұмысқа және демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тарту, жыл сайынғы еңбек демалысы және демалыстардың басқа да түрлері, демалыстан кері қайтарып алу, іссапар, жұмысқа қатысу іс-шараларда және т. б.); • Жұмыс беруші актілерінің көшірмелерін сақтай отырып, жеке құрам, демалыстар және іссапарлар бойынша бұйрықтардың электрондық мұрағатын қалыптастыру; • Компания жұмыскерлерінің мінез-құлық және іскерлік этика кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтауы шеңберінде жұмыскерлер толтырған сертификаттарды (Кодекске қосымшаларды) жинау және тексеру, Комплаенс жөніндегі офицерге сертификаттау бойынша есептерді дұрыс және уақтылы қалыптастыру және тапсыру. Бұл ретте HR reports\ОКА есептері\1 жалпы желілік папкасында шоғырландырылған (кеніш/Шымкент) және қол қойылған тоқсандық және жылдық есептердің сақталуын қамтамасыз ету. СЫРТҚЫ ЕСЕПТЕР\ҰББ МАМАНДАРЫ\ШЫМКЕНТ МАМАНЫ: тоқсан сайынғы есеп, жыл сайынғы есеп; • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жұмыс берушінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуға жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрығына сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды уақтылы және әдепті жүргізу. • Есепті кадр кезеңінің ай сайынғы жабылуы:  құрылымдық бөлімшелердің жауапты табельшілеріне толтыру үшін жұмыс уақытын есепке алудың алдын ала табельдерін (бұдан әрі-ЖУЕТ) тарату (ай сайын есепті айдың 20 – күнінен кешіктірмей) ;  Табель жасаушылардар жұмыс істеген жұмыс уақытына және ресімделген кадрлық іс-шараларға сәйкестігін алғаннан кейін ЖУЕТ тексеру;  ЭҚЖ арқылы ЖУЕТ-н келісу және оған қол қою және қол қойылған ЖУЕТ-н ЭҚЖ бойынша Еңбек және жалақы секторына (бұдан әрі - ЕжәнеЖС) жіберу;  есепті айдың табельдері және барлық кадрлық іс-шаралары бойынша есеп жасау;  белгіленген мерзімдерде (бірақ әрбір есепті айдың 25-күнінен кешіктірмей) электрондық пошта арқылы ЕжәнеЖС-на беру 1) табельдер мен кадрлық іс-шаралары жөніндегі есепті, 2) жұмыс берушінің актілерін - кадрлық іс-шараларға негіздемелерді 3) жұмыскерлердің жалақысын есептеу үшін растайтын құжаттарды (еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары, медициналық анықтамалар және басқа да құжаттар) беру;  есепке алынбаған немесе жаңа кадрлық іс-шараларды алғаннан кейін растайтын қол қойылған жұмыс берушінің актілерін және ЖУЕТ-н дайындай және жібере отырып табельдер бойынша есепті уақтылы түзету;  қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып, әрбір есепті айдың соңында еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының, өтемақы төлемдері және материалдық көмек төлемдері бойынша төлем құжаттарының түпнұсқаларын ЕжәнеЖС-на уақтылы беру. • Біліктілік, аттестациялық, конкурстық комиссиялар үшін қажетті материалдарды дайындау және жұмыскерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсыну; • Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментіне (бұдан әрі-ҚЖЖД) бекіткен есептілік кестесіне сәйкес белгіленген апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есептілікті дұрыс жасау және уақтылы ұсыну; • Компания бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін, жұмыскерлердің еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауын тексеру және талдау; • Еңбек тәртібін бұзу немесе еңбек міндеттерін тиісінше орындамау жөніндегі материалдарды алдын ала зерделей отырып, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарды дұрыс және уақтылы дайындау және ресімдеу; • Компания жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Компания басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, кадр саясаты және қызметкерлермен жұмыс мәселелері бойынша Компания саясатын орындауына бақылау жүргізу; • Компанияның коммерциялық құпиясын сақтау/жария етпеу бойынша қажетті шараларды қамтамасыз ету; • Кәсіби қызмет бағыты бойынша басқа жұмыскерлердің сұрауларына уақтылы және дұрыс жауап беру, талап етілетін ақпаратты толық көлемде ұсыну; • Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету; • Шымкент – Тайқоңыр, атап айтқанда кеңселері арасындағы құжаттар құрамы мен ақпараттық көрсеткіштерді ретке келтіру, олардың санын қысқарту және құжат ағынын оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау; • КББ құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыруға дайындау; • КББ мұрағат ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру; • КББ мұрағатына түскен құжаттарды сақтауды және сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; • Сақтау мерзімдері тұрақты және уақытша бірліктердің жиынтық тізімдемелерін, сондай-ақ сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығаруға және жоюға құжаттарды мемлекеттік сақтауға беруге арналған актілерді (КББ) дайындау; • Құжаттар бойынша анықтамалық аппарат құру бойынша жұмыс жүргізу, оларды ыңғайлы және тез іздестіруді қамтамасыз ету (КББ); • Келіп түскен сұраныстарға сәйкес мұрағаттық көшірмелер мен құжаттарды береді, мұрағат құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасайды, мұрағат жұмысы туралы есеп жасау үшін мәліметтер дайындайды (КББ); • Жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнының тәртібін, осы үшін бөлінген орындарда (шкафтарда, тумбаларда және т. б.) барлық құжаттаманы сақтауды қадағалайды; • Қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек шарты бұзылған/тоқтатылған кезде Компанияға тиесілі құжаттарды, материалдарды және басқа да мүлікті тапсыру. • Кәсіби қызмет бағыты бойынша басқа жұмыскерлердің сұрауларына уақтылы және дұрыс жауап беру, талап етілетін ақпаратты толық көлемде ұсыну; • Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету; • Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыруға дайындау;• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). • Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. • Тікелей басшыға Жетекші маман лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

Жоғары білім (заңгерлік, экономикалық, психология, халықаралық құқық немесе басқа гуманитарлық білім)

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалары және лауазымдардың біліктілік сипаттамалары; • Ұйымдық-өкімдік құжаттаманың біріздендірілген жүйесінің стандарттары; • Еңбек және ұжымдық шарттарды жасасу және бұзу тәртібі; • Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту тәртібі; • Кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістері; • Кадрларға және олардың қозғалысына байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі, ұйымның қызметкерлері туралы деректер банкін қалыптастыру және жүргізу тәртібі; • Қызметкерлермен жұмыс істеудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі; • Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару негіздері, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары;

Қосымша:

• 1С УПП ақпараттық жүйесі; • Компьютерде сенімді пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары, оның ішінде арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана білу; • Ұйымдастыру және жоспарлау; • Тиімді байланыс • Сапалы нәтижеге бағдарлану

Білетін тілдер:

Қазақ және орыс ілдерін - еркін. Ағылшын тілі - Pre-Intermediate.