Фрод бақылау басқармасы Бас менеджер

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
1046

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) алаяқтық операцияларды анықтау, тергеу және алдын алу, оларға Қоғам клиенттерінің тартылу дәрежесін анықтау мақсатында Қоғам клиенттерінің шоттарына, төлем операцияларына сапалы және уақтылы мониторинг жүргізу;
    2) басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне кеңестік қолдау көрсету;
    3) тіркелген күдікті және алаяқтық операциялар бойынша Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерімен жұмыстар жүргізуге қатысу;
    4) реттеуші билік органдарының сұрау салуларына қатысу/жұмыс жүргізу және талдау, алаяқтық операциялар бойынша сұрау салуларға жауаптар дайындау;
    5) Қоғамның шоттары мен төлем операцияларына дербес мониторинг жасайтын Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің «қара» тізімдеріндегі деректерге сәйкес Антифрод АЖ-да алаяқтыққа қарсы «қара»/«ақ» тізімдердің деректерін жаңарту;
    6) мамандандырылған БҚ пайдалана отырып,  жүйедегі операцияларға тәулік бойы онлайн мониторинг жасау;
    7) антифрод жүйесін жаңғырту және қайта баптау арқылы төлемдердің конверсиясын арттыру туралы ұсыныстар енгізу;
    8) антифрод саласындағы сараптаманы арттыру;
    9) төлеушінің ақшасын қайтарудан және алаяқтықтан болатын Компанияның шығынын азайту;
    10) бизнес- процестерді зерделеу және әлеуетті қауіпті орындарды анықтау (өкілеттікті асыра пайдалану, ақпаратпен  және деректермен айла-шарғылар жасау, қалыпсыз мінез-құлық, қауіпті технологияларды қолдану);
    11) енгізілген процестер мен жүйелерді өзекті жағдайда ұстау;
    12) банк клиенттерінің төлем карточкалары бойынша авторизациялар және транзакциялар/сұрау салулар жасалуының заңдылығын анықтау үшін корпоративтік телефон байланысын (шығыс қоңырау шалу және кіріс қоңырауларды қабылдау) пайдалана отырып, Қоғамның клиенттерімен өзара іс-қимыл жасасу;
    13) Қоғам клиенттеріне қабылданбағанеріне ларды қбұғатталған карта бойынша ақпарат және/немесе ұсыныстар алу жөнінде кеңес беру.

Талаптар:

  • Қаржы/құқық  және/немесе ақпараттық технологиялар/ ақпараттық қауіпсіздік бейіні бойынша жоғары білім.

  • Ақпараттық технологиялар және/немесе ақпараттық қауіпсіздіктің карточкалық операциялары саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Шарттар:

  • Жұмыс уақыты 9:00-18:30 түскі үзіліспен 13:00-14:30, сенбі, жексенбі – демалыс күндері