Стратегия департаменті Директор

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
694

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Ұзақ мерзімді стратегияны және стратегияны іске асырудың жол картасын қалыптастыру/өзектендіру шеңберінде:
    1) басшылық пен мүдделі тараптардан стратегиялық мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсыныстарды жинау;
    2) PEST талдауын, SWOT талдауын, өткен жылдардағы Стратегияны іске асыру тиімділігін талдауды, қызметтер бойынша саланың жай-күйін және бәсекелестік ортаны талдауды, сала бойынша жетекші кәсіпорындарға қатысты Қоғам қызметіне салыстырмалы талдауды, бенчмарк талдауларын жүргізу;
    3) Қоғамның ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастыру/өзектендіру бойынша стратегиялық сессиялар мен талқылаулар өткізу;
    4) Қоғамның ұзақ мерзімді стратегиясының сипаттама бөлігін дайындау;
    5) мүдделі тұлғалармен және органдармен Қоғамның стратегиясын қалыптастыру/өзектендіру мәселелерін келісу және өңдеу;
    6) қаржы-экономикалық үлгіні әзірлеу/жаңарту, Қоғамды дамыту сценарийлерінің комбинацияларын есептеу және қаржылық үлгілеу;
    7) Қоғамның ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеу және өзектендіру;
    8) стратегияның іске асырылуына тоқсан сайын мониторинг жасау және стратегияның Жол картасы іс-шараларының орындалуына мониторинг жасау;
    9) Департаменттің қарауына енгізілген инвестициялық жобалар бойынша ұзақ мерзімді стратегияға сәйкестігіне сараптамалық қорытындылар қалыптастыру.
    Қызметтің негізгі көрсеткіштерінің архитектурасын басқару шеңберінде:
    1) ҚНК архитектурасын әзірлеу/өзектендіру;
    2) ҚНК архитектурасына өзгерістер енгізу қажеттілігін бағалау;
    3) ҚНК архитектурасын келісу және бекіту;
    Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету шеңберінде:
    1) Қоғамның тұрақты дамуының ағымдағы жағдайын талдау;
    2) экономика, экология, әлеуметтік мәселелер сияқты үш құрамдас бөлікте Қоғамның ұзақ мерзімді кезеңге тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарды айқындау және жоспар әзірлеу;
    3) Қоғамның тұрақты дамуының қамтамасыз етілуіне және мақсаттарға қол жеткізілуін бағалауға ұдайы мониторинг жасау, түзету шараларын қабылдау, тұрақты жақсарту мәдениетін енгізу, Қоғамның тұрақты дамуы саласында есептілік қалыптастыру және мониторинг жасау;
    Корпоративтік басқару жүйесін (бұдан әрі – КБ) жетілдіру міндеттерін орындау шеңберінде:
    1) Қоғамдағы КБ жүйелері мен қағидаттарын жетілдіру шараларын енгізуді және іске асыруды жоспарлау;
    2) Қоғамдағы КБ жүйесінің жұмыс істеуін үйлестіру;
    3) КБ жүйесін жетілдіру жоспарының іс-шараларының, Жалғыз акционердің бағдарламалық құжаттарының орындалуына мониторинг жасау, талдау, бақылау, проблемалық бағыттарды, қызметті жақсарту шараларын әзірлеу мақсатында басшылыққа, құрылымдық бөлімшелерге нәтижелерін жеткізу;
    Жекешелендіру бағыты шеңберінде:
    1) жекешелендіру мәселелері бойынша басшылықты ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету;
    2) жекешелендіру мәселелері бойынша іскерлік хат алмасу, кездесулер, келіссөздер ұйымдастыру;
    3) құжаттама мен материалдардың дайындалуын ұйымдастыру;
    4) жекешелендіру мәселелері бойынша ақпарат жинау және басшылыққа, мемлекеттік органдарға, Жалғыз акционерге ұсыну.

Талаптар:

  • Экономика және / немесе қаржы және / немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе менеджмент, және/немесе инвестицияларды басқару, және / немесе стратегиялық менеджмент бейіні бойынша жоғары білім.
    МВА дәрежесінің болуы қажет.
  • Корпоративтік қаржы және/немесе бизнес-жоспарлау және/немесе активтерді сату және/немесе жекешелендіру және/немесе Инвестициялар және/немесе инфрақұрылым және/немесе инвестициялық банктермен, Екінші деңгейдегі банктермен, инвесторлармен, халықаралық қаржы институттарымен жұмыс және/немесе жобалық консалтинг және/немесе экономикалық жоспарлау және / немесе жобалық консалтинг және / немесе экономикалық жоспарлау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл немесе "Қазпошта" АҚ-да төмен
    Квазимемлекеттік компаниялар мен "Big 4" компанияларындағы тәжірибе құпталады.

Шарттар:

  • Дс - Жм сағат 9:00 бастап 18:30 дейін, түскі ас үзілісі сағат 13:00 бастап 14:30 дейін