Банктік есеп айырысу бөлімі Менеджер

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
1023

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • - Төлем үшін алынған тізілімдерді тексеру (қаржылық жауапты тұлғалардың қолдарының болуы және оны растайтын бастапқы құжаттардың - төлем шоттарының / шот-фактуралардың, келісу парақтарының және басқа да бастапқы құжаттардың болуы және сәйкес келуі);

    - SAP ERP жүйесінде аванстық төлем талабын уақтылы және дұрыс құру;

    - SAP ERP жүйесіндегі төлем тізілімінде берілген АТТ нөмірін тіркеу, бақылаушы-менеджерге беру;
    - Қоғамның және ӨҚКШ қызметкерлерінің жалақысы, кәсіподақтық аударымдары, қызметкерлердің қарыздары бойынша ұсынылған тізілімдерге сәйкес аванстық төлем талабын қалыптастыру;
    - есеп беретін тұлғалар бойынша ұсынылған тізілімдерге сәйкес аванстық төлем талабын қалыптастыру;

    - негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және тауар-материалдық қорлар бойынша ұсынылған тізілімдерге сәйкес аванстық төлем талабын қалыптастыру;

    - салық төлемдері мен міндетті зейнет және әлеуметтік аударымдар ұсынылған тізілімдерге сәйкес аванстық төлем талабын қалыптастыру;

    - кепілдік жарналарды және шарттарды кепілдік қмтамасыз ету жарналары бойынша ұсынылған тізілімдерге сәйкес аванстық төлем талабын қалыптастыру;

    - төлемдер тізілімінде көрсетілген кодты құрылған төлем күнтізбесіндегі шығыстар бабы бойынша бюджеттік жіктеу кодымен тексеру;

    - төлем күнтізбесіндегі төлеуге бөлінген қаражаттың болуын және жеткіліктігін тексеру;

    - аудиторлық сұрау салуларды уақтылы орындау;

    - қайтару себебін толық көрсете отырып, өңделмеген төлемдер туралы мәлімет жинақтау;
    - «Қазпошта» АҚ басшылығының және филиал директорының тапсырмаларын адал, уақтылы және тиімді орындау, жұмыс берушінің актілерін, Қоғамның ішкі құжаттары мен Жарғысының талаптарын сақтау;
    - өз міндеттерін тиімді орындау, кәсіби және іскерлік әдептің барлық нормаларын сақтау («Қазпошта» АҚ Іскерлік әдеп кодексі және Қоғамның басқа да ІНҚ талаптары), тиісті деңгейдегі кез келген операциялық мәселелерді, кәсіби әдеп сақталмаған немесе процедуралар бұзылған басқа да немесе теріс пайдаланылған жағдайлар туралы басшылықтың назарына жеткізу;
    - операциялық тиімділікті арттыру, ақпарат пен есеп беруді қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, корпоративтік мәдениет пен әдеп стандарттарын жақсарту, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету, тәуекелдерді азайту, ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз ету;
    - белгіленген тәртіпте бөлімнің уақытша жұмыста жоқ қызметкерінің орнын ауыстыру (міндеттерін орындау);
    - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарының, сондай-ақ алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға және анықтауға бағытталған шаралардың сақталуын қамтамасыз ету;
    - функционалдық міндеттер шеңберінде Қоғам басшылығының басқа да тапсырмалары мен функцияларын орындау.

Талаптар:

  • Бухгалтерлік есеп және аудит,және / немесе экономика және / немесе қаржы бейіні бойынша жоғары білім. 
  • Бухгалтерлік есеп және/немесе экономика және/немесе қаржы, және/немесе аудит, және/немесе салықтық есепке алу және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе процестерді автоматтандыру саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Шарттар:

  • Бескүндік жұмыс аптасы, 09:00 сағаттан 18:30 сағатқа дейін, түскі үзіліс 13:00 сағаттан 14:30 сағатқа дейін