Денсаулықты қорғау жөніндегі инженері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
1310

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Өндірістік учаскелерде жүргізілетін шұғыл ден қою және медициналық көмек көрсету бойынша апаттық жаттығулар мен оқу-жаттығуларға қатысу; • Қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексеру нәтижелері бойынша сырқаттану және қызметкерлердің денсаулық жағдайының нашарлау тәуекелдері туралы, сондай-ақ кеніштің өндірістік учаскелеріндегі клиникаға жүгінулер мониторингісі және басшылыққа уақтылы ақпарат беру; • Науқастарды / зардап шеккендерді эвакуациялау схемасын әзірлеу; шұғыл медициналық эвакуациялауға дайындау және қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бойынша зардап шеккендерді медициналық сүйемелдеу (қажет болған жағдайда); • Апаттық ден қоюдың медициналық жоспарын әзірлеу және басқару және Жоспарға сәйкес науқастарды/зардап шеккендерді эвакуациялау; • Пандемия туындаған жағдайда Компания қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және басқару; • Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлер құрамын оқытуды ұйымдастыру және бақылау, санитариялық-ағарту жұмыстарын, қызметкерлер құрамымен дәрістер мен әңгімелесулер жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру және жүргізу; • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеніштің медициналық бекеттерін пайдалану үшін рұқсаттарды ресімдеуді бақылау және сүйемелдеу; • Нұсқаулықтарды / рәсімдерді, тексеру парақтарын және басқа құжаттарды әзірлеу кезінде медициналық мәселелер, өнеркәсіптік санитария және гигиена бойынша кеңестер; • Жұмыскерлердің денсаулық жағдайына қатысты мерзімді медициналық тексеру мен медициналық құжаттарды ұйымдастыру және сүйемелдеу; • Бекітілген кестелер бойынша ас блогын (асхана, ас үй, тамақ өнімдерінің қоймалары) және тұрғын үй-жайларды санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына, сондай-ақ басқа да объектілерге сәйкестігін үнемі тексеру; • Сырқаттанушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар дайындау; • Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары, медициналық бекетке жүгіну бойынша сырқаттанушылыққа талдау жүргізу және денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі басшылыққа және қызметкерлер құрамына сауықтыру жөніндегі іс-шараларға ұсынымдар беру; • Жыл сайынғы медициналық тексеру нәтижелері бойынша жұмыскерлерді сауықтыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және орындалуын бақылау; • Жұмыс орындарын аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу және кәсіптік аурулар жағдайларының туындауының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын қадағалау; • Жұмыскерлердің денсаулығы үшін тәуекелдерді бағалау бойынша рәсімдерді дайындау, жұмыскерлердің денсаулығы үшін тәуекелдерді бағалауды жүргізу және еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау барысында сырқаттанушылық тәуекелдері бойынша талдау жүргізу; • Жұмыскерлердің кәсіби аурулары мен улану фактілерін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. • Кен орнындағы Мердігердің медициналық қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру. • Кеніште дәрі-дәрмектермен және медициналық шығыс материалдардың болмауын болдырмау үшін олармен уақтылы қамтамасыз ету жөніндегі процесті жоспарлау және басқару. • Қызметкерлердің денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу және жұмыскерлердің сырқаттанушылығының және денсаулық жағдайының нашарлауының кез келген тәуекелдері туралы басшылықты уақтылы хабардар ету және ұсынымдар беру; • Талдау нәтижелері бойынша есептер мен ұсынымдар дайындау, созылмалы және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу. • Жұмыс істеушінің кәсіптік ауруына (улануына)күдік болған кезде оған мәліметтер жинау және еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын жасау; • Уранның құрамына несепті талдау нәтижелерін, кәсіби тексеру нәтижелерін талдау; • Жұмыскерлерді көрсеткіштер бойынша ДКК-дан өтуге жіберу және оның нәтижелерін өңдеу, жұмыскердің одан арғы еңбек қызметі бойынша ұсынымдар дайындау, сондай-ақ оңалту сауықтыру іс-шараларын жасау; • Созылмалы аурулары бар жұмыскерлердің тізімін өңдеу және есебін жүргізу. Олардың одан арғы еңбек қызметі бойынша ұсынымдар беру, сондай-ақ оңалту сауықтыру іс-шараларын жасау; • Қызметкерлердің сырқаттанушылығын талдау және кәсіптік ауруларды тексеру кезінде қызметкерлердің жүгіну деректері бойынша медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; • ҚР ДСМ Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығымен кәсіптік аурулардың алдын алу және тексеру мәселелері бойынша ынтымақтастық; • Созылмалы және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу; • Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу, зиянды өндірістік факторларды өлшеу кестесін дайындау және олардың орындалуын бақылау; • Жұмыскерлердің денсаулығын қорғау және еңбек гигиенасын басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру, денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу; • Өз құзыреті шеңберінде кеніштегі қызмет көрсететін медициналық ұйымның қызметін талдауды және аудиттерді жүзеге асырады; • Құзыреті шеңберінде нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық құжаттарды, ұсынымдарды әзірлейді, құзыреті шеңберінде құрылымдық бөлімшелерге кеңес беру және әдістемелік көмек көрсетеді; • Құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылау, бақыланатын учаскелерде өндірістік бақылау жөніндегі есептерде көрсетілген сәйкессіздіктерді анықтау; • Жұмыскерлерге еңбек жағдайлары бойынша көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беру үшін кәсіптік және өндірістік негізделген аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды, ұйымда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізу; • Денсаулық сақтау жөніндегі бюллетеньді дайындау және шығару немесе басқа тақырыптар бойынша (басшымен келісілген) одан әрі Компания жұмыскерлеріне және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерге тарату • Медициналық заңнама мәселелеріндегі өзгерістерді зерделеу және Компания қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін шаралар қабылдау • Қажет болған жағдайда медициналық емес қызметкерлерді медициналық мәселелер бойынша оқытуды жүргізу; • Басшылық пен жұмыскерлерді жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының жай-күйі туралы, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы ауызша және жазбаша нысанда хабардар ету, • Ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін олардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, желдеткіш жүйелері жұмысының тиімділігі, санитариялық-техникалық құрылғылардың, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, жұмыскерлердің ұжымдық және жеке қорғану құралдарының жай-күйі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу, олардың уақтылы жүргізілуін бақылау; • Қоршау техникасының, сақтандыру және бұғаттау құрылғыларының, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғаудың басқа құралдарының неғұрлым жетілдірілген конструкцияларын әзірлеу және енгізу, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын, еңбек пен демалудың ұтымды режимдерін жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу туралы ұсыныстар дайындау және енгізу; • Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде денсаулық сақтау бойынша ережелердің, нормалардың, нұсқаулықтардың, плакаттардың және басқа да көрнекі құралдардың болуын бақылау, сондай-ақ оларға тиісті ақпараттық стенділер жабдығында әдістемелік көмек көрсету; • Қауіпсіздіктің мінез-құлық аудитін жүргізу; • Сыртқы және ішкі аудит барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау. • Компания басшылығының тапсырмасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша Компания құжаттарын, жұмыс берушінің орындалатын жұмысқа қатысты актілерін әзірлеу; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын және ішкі қағидаларды/рәсімдерді орындауға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің жұмысын бақылау; • Қызмет барысында анықталған барлық сәйкессіздіктер туралы тікелей басшыға хабарлау, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу не өз құзыреті шегінде іс-қимылдар қабылдау; • Басшылық үшін, Компания қатысушылары үшін және мемлекеттік органдар үшін кез келген талап етілетін басқа есептілікті, сондай-ақ өндірістік бақылауға және жұмысты орындауға байланысты жұмыстар бойынша күнделікті есептілікті жасау; • Жасалған жұмыстың негізгі тұстары мен орындалу мәртебесі, болған жағдайда орын алған оқиғалар мен жағдайлар, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелері бойынша дереу жұмылуды және кеңес беруді талап ететін мәселелерді көрсете отырып, ауысымды беру туралы есеп нысанын толтыру; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). • Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. • Тікелей басшыға денсаулықты қорғау жөніндегі маманның лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау. 3.2 Денсаулықты қорғау жөніндегі маманның лауазымдық міндеттері келесі себептер бойынша ҚР заңнамасы аясында өзгеруі мүмкін: • Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылау бөлімінің мәртебесінің, мақсатының және функцияларының өзгеруіне немесе оны қайта құруға әкеліп соқтыратын Компанияның (Компанияның Қадағалау кеңесінің шешіміне, Компанияның Бас директорының бұйрығына сәйкес орындалатын) департаментінің/бөлімінің ұйымдық құрылымының және штат кестесінің өзгеруі; • Денсаулықты қорғау жөніндегі маманның жауапкершілік саласын, өкілеттігін, бағыныстылығын және жұмыс тәртібін өзгертетін Компанияның даму және жақсарту жөніндегі жоспарлары; • Жоғары тұрған басшымен, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директорымен келісілген және Компанияның Бас директоры бекіткен осы лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер енгізу жөніндегі тікелей басшының шешімі.

Білім:

• Жоғары медициналық білім немесе • Дипломды дәрігер, біліктілігі бар жалпы бейінді дәрігер (денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі сарапшы)

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚР Еңбек кодексі • Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі ""Азаматтық қорғау туралы"" Заңы, • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы. • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің ""Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіптілік көзіне байланысты жұмыстарды жүзеге асыру үшін медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы"" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 188 бұйрығы • Еңбек мәдениеті және қызметтік әдеп; • Төтенше және/немесе дағдарыс жағдайларындағы әрекеттер; • Тәуекелдерді бағалау, негізгі себептерді талдау және аудит жүргізу әдістемелерін білу; • Технологиялық процестердің негіздері және өндіріс режимдері, ұйымның жабдықтары және оның жұмыс принциптері; • Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістері; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, денсаулықты сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; • Жұмыстың ауырлық санатын негізге ала отырып, жұмыскерлерге қойылатын психофизиологиялық талаптар, жеңіл еңбекке ауыстырылған жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін пайдалануды шектеу; • Өндірістегі жұмыскерлердің кәсіптік аурулары мен денсаулығының өзге де зақымдануларына тексеру жүргізу тәртібі; • Кәсіпорындарда денсаулық сақтауды қамтамасыз ету саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; • Денсаулық сақтау және салауатты өмір салты жөніндегі ақпаратты насихаттаудың әдістері мен нысандары

Қосымша:

• Медициналық қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі – міндетті; • Өндірістік кәсіпорындарда және медициналық қызметті әкімшілендіруде, шалғай кен орындары жағдайында шұғыл медицинада жұмыс тәжірибесі, кәсіптік патолог ретінде жұмыс тәжірибесі– мүмкіндігінше.

Білетін тілдер:

• Қазақ тілі - еркін меңгеру; • Орыс тілі - еркін меңгеру; • Ағылшын тілі - бастапқы деңгей