CRM және клиенттік жүйелер маманы

«Қазақтелеком» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
711

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Телекоммуникация қызметтерінің барлық түрлеріне тапсырыстарды/нарядтарды қалыптастыруды/сүйемелдеуді және олардың пысықталуын, құрылымдық бөлімшелердің орындалуын бақылауды, техникалық мүмкіндікті айқындауды талап ететін тапсырыстарды/нарядтарды жабуды жүзеге асырады.
  • Қателерге жол бермеу және тапсырыстардың/нарядтардың өтуінің нормативтік мерзімдерінің асып кетуіне жол бермеу мақсатында тапсырыстардың/нарядтардың өтуін бақылауды жүзеге асырады.
  • Inframanager (корпоративтік қолдау қызметі) - де CRM 2.0 жұмысы бойынша проблемалық билеттер/сұраулар жасайды. Төлемді енгізу бөлімі ұсынған тізімдерге сәйкес прейскурант бойынша қызметтермен дербес шоттағы қызметтер арасындағы анықталған алшақтықтарды жоюға байланысты тапсырыстарды/нарядтарды пысықтауды, қызметтер топтамасын түзетуді жүзеге асырады.
  • Абоненттердің жазылымдарын CRM 2.0 өнеркәсіптік жүйесіне көшіруді жүзеге асырады.
  • Қызметтердің инсталляциясына маманның келу күні мен уақытын қайта тағайындауды талап ететін тапсырыстарды бақылау және өңдеу. Маманның келу күнін қайта тағайындау бойынша абонентпен/клиентпен жұмысты жүзеге асыру.
  • Клиенттермен жұмыс жөніндегі орталықтан ұсынған тізімдерге сәйкес аванстық жүйе бойынша қызмет көрсету шарттарында абоненттерге (жалға алушылар) қызметтерді алуға тапсырыстарды/нарядтарды уақтылы қалыптастыру/сүйемелдеу/ жабу.
  • Телекоммуникация қызметтерін алғаннан кейін бұзылмаған келісімшарттарға бақылауды жүзеге асырады, абоненттің бастамасы бойынша алынғаннан кейін бұзылмаған келісімшарттар фактілері анықталған кезде ай сайын тізіммен клиенттермен жұмыс жөніндегі орталыққа және онлайн арна секторына түзету үшін жолдайды.
  • Дебиторлық берешек себебі бойынша алынатын тапсырыстарды/нарядтарды қалыптастыру/сүйемелдеу/жабу және олардың орындалуын бақылау (құрылымдық бөлімшелердің орындауы).
  • Дебиторлық берешек себебінен қызметтерді алу кезінде келісімшарттардың бұзылуын бақылайды және жүзеге асырады.
  • Уақытша ажыратылған құрылғыларды бақылауды жүзеге асырады.
  • Қызметтерді қосуға тапсырыстар жасау бастамашыларын қызметтерді қосудың техникалық мүмкіндігінің жоқтығы туралы уақтылы хабардар ету бойынша бақылауды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Маманның жоғары немесе орта кәсіптік білімі және телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Шарттар:

  • ҚР ең ірі телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеу
  • ҚР ЕК-не сәйкес ресми жұмысқа орналастыру
  •  Уақытылы жалақы
  •  Компания есебінен оқыту
  • Мансап сатысымен көтерілу мүмкіндігі
  • Жақсы әлеуметтік пакет

Қажетті қабілеттер

  • Умение работать в команде
  • Аналитический склад ума
  • самоорганизация

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр