Баспасөз қызметінің жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
33

Қаралған саны:
998

   Конкурс туралы
Білімі:
  • Жоғары гуманитарлық және / немесе техникалық білім деңгейі;
  • Тиісті лауазым бойынша немесе экономика/қаржы /МВА/ магистр   дәрежесі (мүмкіндігінше).
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
  • 4 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде кемінде 2 жыл қоғаммен байланыс (PR)/журналистика/маркетинг бойынша жұмыс тәжірибесі.
Басқарушылық тәжірибесі:
  • Талап етілмейді.
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар.:
  • Талап етілмейді.    
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
  • Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы"," Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы","Жарнама туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы " заңнамалары саласында
  • Коммуникация және PR саласында;
  • Мемлекеттік тілін сауатты меңгеруі (жазбаша және ауызша);
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Мәтін, ақпараттық хабарламаларды, сөз сөйлеу мен ресми хаттарды редакциялау бойынша кәсіби дағдылар;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық сақтаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, орнықты даму, ақпараттық жүйе қауіпсіздігі саласында;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
  • Ақпаратты жинау және жүйелеу, кризис-коммуникацияларымен айнасылу;
  • Спичрайтерлік қызмет тәжірибесі;
  • Іскерлік қатынас хаттармен айналысу; 
  • Заманауи технологиялар мен коммуникация құралдарын меңгеру;
  • Әдеби қазақ тілі.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
  • "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның әлеуметтік желілердегі және цифрлық алаңдардағы ресми парақшаларына мемлекеттік тілдегі материалдарды (мәтін, фото және видео) дайындайды және редакциялайды; "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ әлеуметтік желілерінде сырттан келетін сауалдарға жауап дайындайды;
  • Қазақ тілінде компанияның PR материалдарын, баспасөз хабарламаларын, БАҚ-тағы жарияланымдарды, ҚМГ басшылығының сұхбаттарын, медиа- жоспарларларын дайындайды;
  • ҚМГ корпоративтік веб-сайтында ақпараттың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етеді (мәтін, фото және бейне контенті үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын);
  • ҚМГ басшылығының сөйлеген сөздері мен құттықтауларының мәтіндерін қазақ тілінде дайындайды;
  • ҚМГ басшылықтың қатысуымен БАҚ және жұртшылық үшін іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді (баспасөз конференциялары, брифингтер, медиа турлар, бейресми кездесулер және т. б.);
  • "Munaily meken" газетін жариялау және басып шығару үшін материалдар дайындау мақсатында ҚМГ мен еншілес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты жинайды және талдайды;
  • "Munaily meken" корпоративтік газеті веб-сайтының контентін уақытылы жаңартуды қамтамасыз етеді;
  • Құрылымдық бөлімше басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр