Қауіпсіздік жөніндегі маман

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
468

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

- «ҮМЗ» АҚ материалдық құндылықтарын сыртқы және ішкі қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу. - Құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау мақсатында «ҮМЗ» АҚ қызметкерлері арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды орындау. -Қызметкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың алаяқтықтың, «ҮМЗ» АҚ-на материалдық және беделдік залал келтірудің ықтимал немесе белгілі фактілері туралы арыздарын, өтініштері мен шағымдарын тексеру, әдеп кодексін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді бұзу фактілерін тексеру - Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және арнайы органдарымен (ІІМ, ҰҚК, Прокуратура), “Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ ЕБ «ҮМЗ»АҚ мүдделеріне қол сұғатын заңды және жеке тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу бойынша өзара әрекет ету. - Діни экстремизмнің, әлеуметтік және еңбек жанжалдарының алдын алу және болдырмау, «ҮМЗ» АҚ, МАГАТЭ ТБУ банкі, «Үлбі-ТВС» ЖШС қорғалатын аумағына ұйымдасқан қылмыс өкілдерінің және радикалды діни ағымдарды ұстанушылардың кіруі жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. - Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ЯФҚ) шеңберінде мүдделер қақтығысының болуы тұрғысынан жұмысқа кандидаттарды, жұмыс істеп жүрген жұмыскерлерді, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ, МАГАТЭ ТБУ банкі, "Үлбі-ТВС" ЖШС қорғалатын аумағына кіруге рұқсат алатын адамдарды қолда бар ақпараттық базалар және басқа да ашық көздер бойынша тексеру. - «ҮМЗ»АҚ-ға залал келтіру фактілері мен әрекеттері бойынша процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құжаттық материалдар мен заттай дәлелдемелерді Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дайындау және жолдау. - Ақпарат жинау, жазбаша түсініктемелерді іріктеу (қауіпсіздік және режим жөніндегі директордың атына) және «ҮМЗ»АҚ ядролық физикалық қауіпсіздігіне залал келтіру фактілері немесе әрекеттері бойынша қызметтік тергеу жүргізу үшін қажетті құжаттарды дайындау. - «ҮМЗ» АҚ объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу және оны құқық қорғау органдарының уәкілетті бөлімшесімен келісу. - Кестелерді әзірлеуге және тексерулерді жүзеге асыруға қатысу (тексеру, сұрау, құжаттаманы талдау, жазбаша түсініктемелерді іріктеу, ұсынымдар беру және орындалуын бақылау).

Білім:

Жоғары

Дағдылар:

- Аудиобейнежазба және фототүсірілім құралдарын, ПЭВМ және ұйымдастыру техникасын пайдаланушы деңгейінде меңгеру

Қосымша:

-

Білетін тілдер:

-