Бухгалтер

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
586

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Материалдық топ бухгалтері: 1.Тапсырылған бастапқы құжаттарды жүргізу негізінде, қолданыстағы «ҮМЗ» АҚ корпоративтік ақпараттық жүйесінде шаруашылық операцияларды есепке алуға қатысты: - орталық қоймаларға және цех қоймаларына қорларды кіріске алуды; - орталық қоймалардан негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларына ішкі қорларды ауыстыруды; - негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларынан қорларды өндіріске жіберуді; - қорларды орталық қоймалардан, негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларынан сатып алушыларға өткізуді; - негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларынан, цех қоймаларынан қорларды есептен шығаруды; -қосымша шығыстарды ескере отырып тікелей қорларды сатып алуды; - орталық қоймалардың, негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларының өтімсіз және талап етілмеген қорларына резервті есептеуді; - материалдық топқа бекітілген сатып алушылардың күмәнді талаптары бойынша резервті есептеумен және есептен шығаруды жүргізеді. 2.Жоғарыда көрсетілген шаруашылық операциялар бойынша бастапқы құжаттарды уақтылы және сапалы өңдейді. 3.Жоғарыда көрсетілген шаруашылық операциялар бойынша көрсету үшін берілетін бастапқы құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асырады. 4.Материалдық топтың шаруашылық операциялары бойынша туындайтын сатып алушылар мен жеткізушілер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдауға қатысады. 5.Бухгалтерлік есеп деректері негізінде бухгалтерлік және салық есептілігін жасау үшін белгіленген мерзімде дұрыс мәліметтерді ұсынады. 6.Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларының, цех қоймаларының материалдық-жауапты тұлғаларымен қорлар қозғалысының айналым ведомостарын салыстыруды жүзеге асырады. 7. Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларында, цех қоймаларында қорларды түгендеуді жүргізуге қатысады. Түгендеу нәтижелерін өңдейді. 8. Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларында, цех қоймаларында қорлардың нақты болуына бақылау-іріктеп тексеру жүргізеді. 9. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің материалдық-жауапты тұлғаларымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың уақытылы рәсімделуін бақылайды. 10.Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдейді. 11. И 16.0001 «Тауарлық-материалдық қорларды алу құқығына сенімхаттарды ресімдеу, есепке алу және беру тәртібі» талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 12. Бастапқы құжаттарды тапсыру кестесін сақтайды және «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің осы кестені сақтауын бақылайды.

Білім:

Жоғары экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық

Дағдылар:

ДК, ұйымдастыру техникасын пайдаланушы деңгейінде білу: «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын есептік-ақпараттық жүйеде жұмыс істей білу

Қосымша:

Бастапқы бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істей білу, ТМҚ түгендеу жүргізуге қатысу, жеткізушілер мен сатып алушылар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау.

Білетін тілдер:

-