Инженер-Технолог

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
37

Қаралған саны:
1362

   Конкурс туралы

Міндеттері:

• теңіз нысандарының жұмыс диапазондарын жасақтау;
• теңіз кешенінде энергия және ресурстарды (жылу, электр және су) қолдануды оңтайландыру және тұтыну бойынша кеңес беру; 
• технологиялық процестердің жүйелілігін қамтамасыз ету мәселелерін, технологиялық процестерді басқаруға берілген сауалдарды қарау, өндірістік процедураларды жаңарту, жүйелерді оңтайландыру және ақауларды анықтау және жою; нәтижелерді топ жетекшісіне және жетекші 
инженерге ұсыну; озық әдістерді, жаңа технологияларды енгізуге үлес қосу және теңіз кешенінің технологиялық процестер тобының функционалдық жауапкершілігін күшейту үшін білімдерімен бөлісу; 
• теңіз кешеніндегі өнім жинау және тазарту қондырғыларын қосу-реттеу мен қайта іске қосуға, өндірістік операцияларға байланысты технологиялық процестерді әзірлеу кезінде қолдау көрсету; қауіп-қатер көздерін және пайдалануға жарамдылықты талдау, қауіпті факторларды анықтау, АҚФ, тәуекелді бағалау және ТСБ процестеріне қатысу; ДЕҚОҚ бойынша қолданыстағы тәжірибелер мен 
процедураларға сәйкес технологиялық процестерді әзірлеу жұмыстарын орындау; 
• теңіз кешенінің технологиялық құжаттарымен қоса технологиялық сұлбаларды, техникалық шарттар мен пайдалану процедураларды қарауда көмек көрсету; 
• технологиялық процестерді зерттеуге үлес қосу және теңіз кешенінің нысандарына қатысты шешімдерді қабылдау; 
• теңіз кешенінің барлық өнім ағындары үшін ұтымды және қауіпсіз жұмыс диапазондарын ұсыну және кеңес беру; 
• теңіз кешені қызметінің қоршаған ортаға әсер ету көрсеткіштерін, лицензиялау және есеп беру процестерін бағалау; 
• теңіз кешенінің технологиялық процестерін әзірлеудің ауыспалы бағдарламасына қатысу; 
• қажетіне қарай өндірістік алаңдарға бару (аптасына 2 күнге дейін); 
• әртүрлі ішкі және сыртқы тараптармен, мысалы, пайдалану бөлімімен, экологиялық рұқсаттарды алу жөніндегі мамандармен, инженерлік-техникалық бөлімдермен, біріктірілген қызметтер бойынша мердігерлермен, өнім берушілермен және Консорциум бойынша серіктестерінің жобалау жөніндегі мамандарымен күнделікті қарым-қатынас орнату; 

Талаптар:

• технологиялық процестерді әзірлеу, химия немесе ұқсас сала бойынша білім дәрежесі; 
• мұнай және газ өнеркәсібінің барлау және өндіру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және лауазымға қойылатын стандартты біліктілік талаптарына (СБТ) <75% сәйкестік;
• технологиялық процесті әзірлеу, халықаралық инженерлік әзірлеу стандарттары мен үздік әдістері бойынша кәсіби біліктілігі; 
• жобаның барлық кезеңдері немесе оның бір бөлігі бойынша білімі және / немесе мұнай және газ саласында үздік операцияларды жүзеге асыру тәжірибесі;
• технологияны, белгіленген мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдауды және экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете отырып жобалау жұмыстарын жетілдіру тәжірибесі;
• күкіртсутегі мөлшері жоғары ортада жұмыс жүргізу тәжірибесі; жоғары қысым және күкіртсутегінің жоғары мөлшері бар ортада қолданылатын қондырғылар жөнінде білімі; теңіз кешенінің өндірістік нысандарда істеген жұмыс тәжірибесі; бұрынғы Кеңес Одағы аумағында немесе қолайсыз жұмыс аймақтарда істеген 
жұмыс тәжірибесі. 

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қ. іс-сапар

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)