Жобалау жөніндегі менеджер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
1269

   Конкурс туралы

Міндеттері:

•  ІІB кезеңі жобасының жетекшісі алдында негіздік жобалаудың сапалы, экономикалық тиімді және уақтылы жүзеге асырылуы үшін жауапкершілік атқарады;
• инженерлік жұмыстарды жоспарлау, негіздік жобалау жөніндегі мердігерлерді басқару және бюджеттер мен жоспарларға сәйкес жұмыс барысын бақылау;
• инженерлік жобалау мәселелерін алдын-ала анықтау және шешу сондай-ақ жобаның ЖҚС келісімшарттары бойынша тендерлерді өткізу кестесіне сәйкес ақтық жобалық құжаттарды уақтылы және дәйекті алу үшін инженерлік топтың басымдықтарын реттеу;
• талдау, аудит пен бақылау шараларын жүргізу арқылы барлық жоба нысандарының конструкциялық тұтастығын қамтамасыз ету;
• негіздік жобалау жөніндегі мердігерлердің жұмысына көпбейінді техникалық тұрғыдан жетекшілік ету;
• техникалық мәселелер, әсіресе бұрғылау қондырғылар/бұрғылау жұмыстары бойынша қарым-қатынастарды басқару және онымен байланысты мәселелерді шешу;
• жоба шеңберіндегі техникалық қатерлердің әсерін азайту үшін бақылау жоспарын жүзеге асыру;
• негіздік жобалау жөніндегі мердігердің жобалау процесі мен процедураларының келісімшарт талаптарына сай болуын қамтамасыз ету;
• Жоба бойынша Өзгерістерді басқару процесіне ықпал ету;
• жобалардың Қазақстан Республикасының барлық техникалық сәйкестік талаптарына сай болуын қамтамасыз ету;
• ҚР агенттіктеріне сараптама жүргізуге және бекітуге тапсырылуы тиіс жобалық-техникалық құжаттаманы (ЖТҚ) әзірлеу;
• капиталдың барынша тиімділігіне қол жеткізу мақсатында техникалық-экономикалық талдау / жобаны оңтайландыру жұмысына жауапты болу;
• қазақстандық қуаттардың дамуын қамтамасыз ету үшін жергілікті қамтуды дамыту және жергілікті жабдықтаушыларды тарту мүмкіндіктерін анықтауда маңызды рөл атқарады;
• техникалық қадағалау жүйесі арқылы жоба шеңберінде анықталған техникалық қауіптерді жою;
• жоба шеңберіндегі қажетті әкімшілік шараларды жүзеге асыру және негіздік жобалау бойынша есеп беру;
• рұқсат етілген шығындар сметасы мен кесте құру шараларына қолдау көрсету;
• негіздік жобалау және ілеспе қызметтер жөніндегі келісімшарттарға жауапты тұлғаның міндетін атқару;
• жоба инженерлеріне өз міндеттемелерін уақтылы орындауға мүмкіндік беру үшін жұмыстық жоба бойынша белгілі бір дайындық шараларын жүргізу (мысалы, ұзақ уақыт дайындалатын бұйымдар).

Талаптар:

• инженерлік-техникалық сала немесе жобаны басқару бойынша жоғары білімі және танымал ұйымның кәсіби біліктілігі;
• мұнай-газ саласында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі, сонымен қатар жоба басқару бойынша (10 жылдан астам) елеулі жұмыс тәжірибесі;
• ДЕҚҚОҚ бойынша жетекшілік ету және ДЕҚҚОҚ саласындағы көрсеткіштерге қол жеткізу;
• инженерлік сала бойынша немесе инженерлік жұмыстарды басқаруда техникалық қадағалаушы болып қызмет еткен жұмыс тәжірибесі;
• теңіз нысандарында және арктикалық жағдайларда қызмет жүргізу мен жоспарлау бойынша тиісті тәжірибесі; 
• біліктілікті дамыту, тәлімгерлік ету және жергілікті қамту және шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру мәселелеріне құштарлық таныту;
• оператор ретінде қызмет атқармайтын БК-да жұмыс істеген тәжірибесінің болуы шарт;
• коммерциялық және келісімшарттық мәселелер бойынша қырағылық: жүзеге асыру және келісімшарт жасау стратегияларын әзірлеу және келісімшарт берілгеннен кейін келісімшартты басқару бойынша тәжірибесі (келісімшартты басқару, шағымдар сомасын азайту мақсатында келіссөздер жүргізу, келісімшартты жабу);
• жобаларды жүзеге асыру кезінде бизнестің тиімділігін арттыру тәжірибесі;
• білікті мамандар қорын басқару тәжірибесі;
• жергілікті қамтуға ықпал етуші факторлар мен басқару тәртібін білу.

Шарттар:

  • 5/2
  • Атырау қ. іс-сапар

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)