Бюджеттік жоспарлау департаментінің директор

«KMG-Security» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
50

Қаралған саны:
963

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Серіктестікті дамытудың жалпы стратегиясы, басқару жүйесі, Серіктестіктің өндірістік бағдарламасы және бастапқы макроэкономикалық параметрлер негізінде Серіктестіктің экономикалық қызметінің перспективалық жоспарларының (индикативтік), ағымдағы, түзету жоспарларының (бюджетінің) жобаларын әзірлеу және қалыптастыру бойынша үйлестіру және басшылық жасау, SAP ВРС жүйесіне деректерді енгізу;

    2) жоспарланған кіріс көлемін қамтамасыз ету мақсатында Серіктестіктің жоспарлы экономикалық көрсеткіштерін, көрсетілетін күзет қызметтерінің барлық түрлеріне тарифтерді, калькуляцияларды әзірлеу кезінде қызметкерлер алдында басшылық ету және мақсат қою;

    3) Серіктестік қызметінің барлық түрлеріне кешенді экономикалық талдау жүргізу кезінде басшылық ету және күрделі салымдарды, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қызмет шығындарын төмендету, рентабельділікті арттыру, пайданы ұлғайту, шығындар мен өндірістік емес шығыстарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

    4) қызметтерді іске асыруға шарттар жасауды дайындау кезінде күзет қызметі қызметтерін көрсету үшін қажетті материалдық және қаржылық шығындар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде үйлестіру және басшылық ету, көрсетілетін қызметтердің тиімді бағасын айқындау;

    5) Серіктестік жұмысының барлық өндірістік және экономикалық көрсеткіштерінің орындалуына бақылауды ұйымдастыру, белгіленген мерзімде кезеңдік есептілікті дайындау;

    6) Серіктестік қызметін экономикалық жоспарлау жөніндегі әдістемелік материалдарды, құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    7) Департамент функционалы шегінде басшы қызметкерлер қызметінің ынталандыратын негізгі көрсеткіштерін есептеу;

    8) өз құзыретіне кіретін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады;

    9) Серіктестіктің сапа менеджменті жүйесін дамыту мен жетілдіруге бақылауды ұйымдастыру;

    10) қаржылық есепке алудың әдіснамалық базасын әзірлеуде бақылауды ұйымдастыру;

    11) кестелерді әзірлеу, жасау және сыртқы аудиторлардың сұрау салулары бойынша ақпарат беру кезінде үйлестіру;

    12) құрылымдық және өңірлік бөлімшелерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білімінің болуы (экономика, есеп және аудит, қаржы)
  • Жоспарлы-экономикалық жұмыс саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы
  • Басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы

Шарттар:

  • Жұмыс кестесі: 09:00-ден 19:00-ге дейін;
  • Бес күндік жұмыс аптасы;

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман