Әкімшілік-сервистік қамтамасыз ету департаментінің директор

«KMG-Security» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
70

Қаралған саны:
1062

   Конкурс туралы

Қойылатын талаптар:

- жоғары білімінің болуы;

- 5 жылдан кем емес жалпы жұмыс өтілінің болуы;

- басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;

- қазақ, орыс тілдерін білуі.

Осы лауазымда атқаратын функционалдық міндеттері:

1) Департаменттің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру мәселелерін шешу (тұрақты);

2) Серіктестік басшылығының әртүрлі кеңестеріне материалдар дайындау бойынша әкімшілік-шаруашылық қызмет мәселелері бойынша жиынтық-үйлестіру жұмысын жүзеге асыру (мәселенің туындауына қарай);

3) Серіктестіктің негізгі құралдарын, ТМҚ уақтылы сатып алуды және өткізуді, Серіктестіктің қажеттілігі үшін әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету (тұрақты);

4) Серіктестік мүлкінің дұрыс және ұтымды пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру (тұрақты);

5) Серіктестіктің басшылығы берген өкілеттіктер шегінде (туындауына қарай) Департамент қызметінің мәселелері бойынша Серіктестіктің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен, мемлекеттік және өзге де органдармен және ведомстволармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

6) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Серіктестік басшылығын ақпараттық қолдау (тұрақты);

7) Серіктестіктің жеке және заңды тұлғалармен жасалған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жөніндегі шарттардың тиісінше орындалуына бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ контрагенттердің шарттық міндеттемелерді кез келген бұзушылықтары туралы Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне уақтылы хабарлау (тұрақты);

8) Орталық аппараттың үй-жайларын күрделі және ағымдағы жөндеудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыруға бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайларда істен шыққан жабдықты, автокөлікті жедел жөндеуді (ауыстыруды) ұйымдастыру немесе жүзеге асыру (туындауына қарай);

 

9) Департаментке жүктелген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін Департаменттің Серіктестіктің құрылымдық және өңірлік бөлімшелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру (тұрақты);

 

10) Департамент қызметінің мәселелері жөніндегі бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, сондай-ақ Серіктестік басшылығының жекелеген тапсырмаларының және Серіктестіктің бас директорының қатысуымен өткен кеңестердің хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау (тұрақты);

 

11) Департамент қызметінің бағыттары бойынша Серіктестік басшылығының шешімдерін орындау (тұрақты);

 

12) Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын Департаменттің әкімшілік-шаруашылық қызмет мәселелері бойынша тексерулерге қатысу (мәселенің туындауына қарай);

 

13) өңірлік бөлімшелердің қару-жарақ мүлкіне және арнайы құралдарға байланысты нормативтік актілердің сақталуын бақылауды ұйымдастыру (тұрақты);

 

14) өңірлік бөлімшелер үшін қару-жарақ пен арнайы құралдар мүлкін уақтылы сатып алуға байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етуге бақылау жасау (тұрақты);

 

15) телекоммуникация қызметтерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Серіктестіктің өңірлік бөлімшелерін ұйымдастыру және олармен өзара іс-қимыл жасау (тұрақты);

 

16) Серіктестік қызметкерлерінің кеңсе АТС телефон желілері арқылы шығыс телефон байланысын пайдалануын бақылауды және талдауды жүзеге асыру (қажеттілігіне қарай);

 

17) локальдық желінің жұмыс станцияларының жүйелік баптауларын орнату мен қайта орнатудың уақтылы жүргізілуін бақылау (қажеттілігіне қарай);

 

18)БМЖ-ны жұмыс жағдайында ұстап тұруға қатысу (тұрақты);

 

19) Департамент қызметінің мәселелері бойынша есептілікті қалыптастыру және тапсыру;

 

20) Мүдделер қақтығысын уақтылы декларациялау, сондай-ақ нақты немесе ықтимал Мүдделер қақтығысын реттеуге белсенді қатысқаны үшін.

 

 Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

1) Департаменттің міндеттері мен функцияларына сәйкес оның қызметін ұйымдастыру;

2) компьютерді пайдалану дағдысын меңгеру (МЅ Word, Ехсе11 MS), «Lotus Notes» ЭҚЖ-да жұмыс істеу;

3) маңыздылығы мен күрделілігі кез келген дәрежедегі құжаттармен жұмыс істеу;

4) ұжымды басқару, Департаменттің Серіктестіктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

5) БМЖ-ны жұмыс жағдайында ұстап тұру;

6) нормативтік құжаттарды, жоспарларды және т. б. әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

 

 Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімдер:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын, Серіктестіктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік материалдарды білу;

2) шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін білу;

3) материалдық – техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және қойма шаруашылығы саласындағы білім;

4) Серіктестіктің бөлімшелеріне тауар-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды беруге арналған құжаттаманы ресімдеу, өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттар, оларды әзірлеу әдістері мен тәртібін меңгеру;

5) Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау, шикізаттың, материалдардың және басқа да материалдық ресурстардың өндірістік қорларының нормативтерін әзірлеу, ресурс үнемдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және қойма шаруашылығын ұйымдастыру әдістері мен тәртібін білу;

6) Өнім берушілермен шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау тәртібін білуі;

7) көтерме және бөлшек сауда бағаларын, тұтынылатын материалдардың номенклатурасын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, жабдықтау және қойма операцияларын есепке алуды ұйымдастыру негіздерін және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарын орындау туралы есептілікті жасау тәртібін білу;

8) Есептеу техникасы, телекоммуникация және байланыс құралдарын білу;

9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігі талаптарын меңгеруі қажет.

 

Еңбек талаптары:

 

- Жұмыс кестесі: 09:00-ден 19:00-ге дейін;

- Бес күндік жұмыс аптасы;

- ҚР ЕК сәйкес жұмысқа орналастыру.