Санаты жоқ/2-санатты еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженер

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
371

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1.Еңбек бойынша салааралық, салалық және басқа да прогрессивті нормативтерді пайдалану негізінде бөлімшеде орындалатын әртүрлі жұмыс түрлері бойынша нақты өндірістік техникалық жағдайларға қатысты еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын, сондай-ақ жабдықтың өнімділігі туралы техникалық деректер, еңбекті ұйымдастырудың неғұрлым өнімді тәсілдері мен әдістерін қолдану кезінде жұмыс күшінің шығындарын талдау нәтижелері негізінде есептелген жергілікті нормаларды әзірлейді және енгізеді. 2.Бөлімшедегі ңңбекті нормалау жағдайын, еңбек нормаларын қолданудың дұрыстығын, оларды әзірлеу кезінде көзделген ұйымдастыру-техникалық шарттардың сақталуын, нормалардың негізділігі мен қауырттылық дәрежесін бақылауды жүзеге асырады, олардың сапасын жақсарту, бірдей ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын біртекті жұмыстарда нормалардың тең кернеулігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді. 3.Ескірген және қате белгіленген нормаларды анықтау мақсатында қолданыстағы еңбек нормаларын тексереді, ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды енгізу шамасына қарай оларды жаңа, неғұрлым прогрессивті нормалармен уақтылы ауыстыру бойынша жұмыс жүргізеді. 4.Қызметкерлер санын анықтайды, нақты санның нормативтен ауытқуын және ауытқу себептерін анықтайды, нормативтен тыс санды жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді. 5.Еңбек өнімділігінің өсу резервтерін жүйелі анықтауды жүзеге асырады. 6.Бөлімшедегі еңбек пен жалақыны ұйымдастыруға қатысты еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 7.Бекітілген басқару құрылымына, лауазымдық жалақы схемаларына, жалақы қорларына және қолданыстағы нормативтерге сәйкес штаттық кестелерді басып шығаруды жүзеге асырады, оларға өзгерістер енгізеді. Бөлімшені басқару құрылымының жобасын әзірлеуге және бекітуге қатысады. 8.Еңбек бойынша нормативтік материалдардың дұрыс қолданылуына бақылауды жүзеге асырады (жұмыс разрядтары, бағалар, өндірісті есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды ресімдеу кезінде тарифтік ставкалар, қалыпты еңбек жағдайынан ауытқулар болған жағдайда қосымша төлемдер және т.б.). 9.Жалақы қорын қалыптастыру және бөлу тетіктерін әзірлейді. Жалақы қорының жұмсалуына есеп жүргізеді және талдау жасайды. 10.Өз құзыреті шегінде еңбек және жалақыны есепке алу бағдарламасына деректерді енгізуді жүзеге асырады. 11. Бөлімше қызметкерлеріне жеке сыйақы (ЖС) белгілеу/ қайта қарау үшін жаңа ұсыныс жобаларын ресімдейді. 12. ЖС қайта қарауды және ұсыныс ресімдеуді қажет ететін бөлімше жұмысшыларының жұмыс өтілінің өзгеруі туралы ақпаратты басшыға уақытында хабардар етеді. 13. Белгіленген мерзімде еңбек және жалақы бойынша есеп жасайды. 14.Еңбекке ақы төлеу, қор құру және қор бөлу жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. 15.Тоқсан бойынша бөле отырып, еңбек және жалақы бойынша перспективалық және жылдық жоспарлардың жобаларын әзірлейді, белгіленген мерзімде есептермен және негіздемелермен жедел жоспарлар жасайды. 16.Тікелей жұмыс орындарында өндірістің қолданыстағы ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларын, еңбек процестерін, еңбек тәсілдері мен әдістерін зерделейді, еңбек өнімділігін арттыруға және өндірістің еңбек сыйымдылығын төмендетуге бағытталған іс-шараларды дайындайды. 17.Ішкі шығу құжаттамасын басқаруға қатысады (өз құзыреті саласында). 18.Менеджмент жүйесінің аудитін дайындауға және өткізуге қатысады (өз құзыреті саласында). 19.Белгіленген тәртіппен «ҮМЗ» АҚ, жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде персоналды оқытуды жүзеге асырады . 20.Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен нұсқауларын орындайды. 21. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. 22.Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, қызметтік және коммерциялық құпияны, ақпараттық қауіпсіздікті, Еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау талаптарын сақтайды. 23. «ҮМЗ»АҚ басшылар мен мамандардың міндеттері туралы Ережеге» жұмыс істеу кезінде сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті талаптарын сақтайды 24. «ҮМЗ»АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. 25.ӨҚжәне ЕҚБ РЖ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласында міндеттерді орындайды.

Білім:

Жоғары (экономикалық немесе техникалық)

Дағдылар:

- Санаты жоқ: ПЭВМ және ұйымдастыру техникасын иеленудің пайдаланушылық деңгейінің болуы; - 2 санат: ЕҰжН инженері лауазымында немесе еңбекті ұйымдастыру немесе персоналды басқару саласындағы басқа да лауазымдарда жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Қосымша:

Талаптар қойылмайды

Білетін тілдер:

Талаптар қойылмайды