4-5-6 разрядты аппаратшы тантал өндірісінің № 10 цехының № 3 бөлімшесі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
755

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4-разряд бойынша білуі тиіс: -қызмет көрсетілетін балқыту пештерінің, тиеу-түсіру механизмдерінің және басқа да жабдықтардың құрылысын; ауа, газ, бу, су және басқа да коммуникациялардың схемалары; балқыту өнімдерінің негізгі қасиеттерін; балқыту өнімдерінің шығарылу уақытын айқындайтын белгілерді; балқыту өнімдеріндегі металдың алынуына және құрамына және металл мен қорытпалардың шығуына әсер ететін факторларды; пештерге жөндеу жүргізу технологиясын; дайын өнімге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; балқытылатын металл мен қорытпалардың маркаларын; өндіріс экономикасының негіздерін; жұмыс нұсқаулығын; "ҮМЗ" АҚ еңбек тәртібінің; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың талаптарын; өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтарды; Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздерін, Әлеуметтік менеджмент жүйелерін 5-разряд бойынша білуі тиіс: - шикіқұрам компоненттерінің және балқыту өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарды; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; пештерді іске қосу және тоқтату қағидаларын; тазартылған металға қойылатын техникалық талаптарды; металдың белгіленген шығу нормаларын; отқа төзімді материалдардың түрлері мен қасиеттерін; шикіқұрамды пешке салу кестесін; өндірістік процестің температуралық режимін; шығарылатын өнім ақауының алдын алу тәсілдерін; металдың жол берілетін шығын нормалары және оларды қысқарту жолдарын; металдар мен қорытпалардың химиялық және; химия, физика, вакуумдық техника, Электротехника негіздерін. 6-разрядты білуі тиіс: - балқыту пештерінің конструктивтік ерекшеліктері, өнімділігін; технологиялық процестің барысына әсер ететін факторларын; алынған металдың жоспарланатын және нақты саны туралы мәліметтерін; металлургия негіздерін, жылу техникасы; балқытудың тиімді режиміне қол жеткізу әдістерін; ауа өткізгіштердің, газ өткізгіштердің, электрмен жабдықтаудың схемалары, айналым жүйесін.

Білім:

- негізгі орта білімінен төмен емес

Дағдылар:

4-разряд бойынша: - тантал мен ниобий мен олардың негізіндегі қорытпаларды балқыту, қайта балқыту процесін жүргізуге, біліктілігі анағұрлым жоғары балқытушының басшылығымен ДДВ, ДВГП, ОКБ пештеріне қызмет көрсетуге; балқыту үшін материал дайындауға; берілген құрам бойынша шихта жасауға; материалды пешке беруге және тиеуге; қосалқы жабдыққа қызмет көрсетуге; ДДВ, ДВГП электр пештерінің электродтарының жағдайын реттеуге; электродтарды ауыстыруға 5-разряд бойынша (4 разрядтарға қосымша): - ДДВ, ДВГП, ОКБ пештерін балқытуға дайындау; балқытудың технологиялық процестерін жүргізудің ұтымды режимін, металды рафнирлеуді қамтамасыз ету; жекелеген операцияларды жүргізу уақытын анықтау; пештерге қызмет көрсету, олардың техникалық жай-күйін бақылау. 6 разряд бойынша (4 және 5 разрядтарға қосымша) - ДДВ, ДВГП, ОКБ пештерін және қосалқы жабдықты басқару. Пешке дұрыс салынуын тексеру; ДДВ, ДВГП, ОКБ пештері үшін бақылау-өлшеуші аспаптарының көрсеткіштері мен анализ деректері бойынша жұмыс режимдерін реттеу, айналмалы материалдарды қоса отырып балқыту процесін түзету; балқыту дайындығын анықтау; келесі ауысымға қалыпты жұмысты қамтамасыз ету

Қосымша:

- қышқылдар (тұз, балқымалы) буларының, аммиактың, тантал, ниобий шаңының, иттрий, лантан оксидтерінің, фторлы және хлорлы тұздар аэрозольдерінің, натрий оксидтері мен минералды майлардың әсерінен болатын зиянды еңбек жағдайлары Болжамды еңбек ақы мөлшері: 4 разряд бойынша 126 900 теңгеден 256 150 теңгеге дейін 5 разряд бойынша 150 400 теңгеден 309 025 теңгеге дейін 6 разряд бойынша 170 375 теңгеден 353 969 теңгеге дейін

Білетін тілдер:

- талаптар қойылмайды