Желілі байланыс құрылымдары және абоненттік құрылғылар инженері

«Қазақтелеком» АҚ Аса а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
546

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) желілі байланыс құрылымдары және абоненттік құрылғыларды техникалық пайдалану ережелерін орындауды жүзеге асыру; 2) желілі байланыс құрылымдары және абоненттік құрылғылардағы бұзылымдарды жою және оларды ағымдағы және күрделі жөндеуді жүргізу бойынша жұмыстарды талдау; 3) желі жұмысы және оның сенімділігі жайлы статистикалық деректер жинауды, желілі байланыс құрылыстары мен абоненттік құрылғылардың жай-күйін жүйелі түрде талдау үшін тиісті өндірістік құжаттама жүргізу, пайдаланудың қолданылатын әдістерінің, аспаптардың және құрылғылардың тиімділігі, апаттар мен бұзылымдардың себептері, сипаты және ұзақтығын сараптау; 4) техникалық сабақтардың өткізілуін бақылайды және осы сабақтарға өзі қатысу; 5) абоненттердің шағымдарын тексеруді жүзеге асыру; 6) жұмыскерлерді жұмыс құрал-сайманымен, оның ішінде жаңа технологиялар бойынша жұмыс үшін, жабдықтау бойынша ұсыныстар әзірлейді және өтінімдер мен тәртіптеме жасау; 7) көлемі үлкен және қауіпті өтулерді жою жөнінде тоқсан сайынғы есептер, оның ішінде жылдық есеп дайындау

Талаптар:

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) білімі немесе орта кәсіби (техникалық) білім және электромеханик лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
  • Электромеханик лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
  • Қарым-қатынас дағдылары және клиенттермен жұмыс істей білу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр