Комплаенс қызметінің жетекші маманы (аутсорсинг шарттары бойынша)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
138

Қаралған саны:
2823

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары білім - құқықтану, қаржы, экономика;
  • Менеджмент/экономика/қаржы/МВА/басқа (мүмкіндігінше) бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:

  • Комплаенс саласында кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі (мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында, оның ішінде ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент, құқықтану бөлімшелерінде).

Қосымша талаптар:

  • Комплаенс саласында халықаралық үлгідегі сертификатының ("ICA International Diploma in Governance risk and Compliance" немесе ұқсас сертификаттардың) болуы (мүмкіндігінше).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Комплаенс саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі ҚР заңнамасын және халықаралық заңнаманы білу;
  • Ағылшын, мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  • Жаһандық салалық трендтерді білу, ҚР нарығының конъюнктурасын түсіну.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Этика және комплаенс бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, компанияда корпоративтік мәдениетті құру саласындағы тәжірибе мен дағдылар;
  • Комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен процедураларды әзірлеу, сондай-ақ комплаенс-процедуралар шеңберінде бизнес-процестер мониторингі бойынша іс-шараларды жүргізу, тергеу жүргізу, этика және комплаенс саласында есептілікті қалыптастыру дағдылары;
  • Үздік халықаралық практика негізінде шұғыл желіге/ бастамашылық ақпараттандыру желісіне келіп түсетін өтініштермен (кейіннен тексерумен және түзету шараларын қабылдаумен) жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Қарым-қатынастың (ауызша, жазбаша) және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі, келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Контрагенттердің сенімділігін тексеру тәжірибесі.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

  • Бірыңғай Комплаенс бағдарламасына және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ҚМГ-дегі комплаенс жүйелерін үйлестіру және мониторингілеу, ҚМГ-нің комплаенс мәселелері бойынша жергілікті нормативтік актілері талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, комплаенс мәселелері бойынша ағымдағы консультация беру, шұғыл желіге келіп түсетін өтініштерді мониторингілеу және өңдеу, комплаенс бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін мәмілелерді, өзге де ісәрекеттерді дайындау және жасау бойынша ұсынымдар беру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр