Жоба шеңберіндегі логистика жөніндегі жетекші инженер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
945

   Конкурс туралы
Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

• инженерлік жобалау немесе өзге де ұқсас техникалық сала бойынша бакалавр дәрежесі;

• үміткерлердің кемінде келесідей кешенді жұмыс тәжірибесі - мұнай-газ өнеркәсібінің логистика саласында

• 5 жыл тәжірибесі (соның ішінде жоба логистикасы жөніндегі жетекші инженер лауазымында) болуы тиіс.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

• жоба логистикасы бойынша дағдыларын көрсету; алға қарай ұмтылу, топта жұмыс істеу, қарапайымдылық және мақсатқа бағытталушылық, жаңашылдық және қайталаушылық, ұзақ мерзімді үйлестіру дағдылары;

• барлық үміткерлер өз ұйымдық құрылымында жұмыс істеуге білек сыбана кірісетіндей дағдыларға ие болулары тиіс; 

• жоба шеңберіндегі логистика жұмыстарының стратегиялық бағытын әзірлеу және басқару бойынша білімі;

• логистикалық қатерлердің салдарын бағалай білу және түзету шараларын жүзеге асыра білу;

• логистикалық қызметке қойылатын талаптарды талдай білу және ресурстарға қатысты талаптар мен жауапкершіліктерді білу;

• логистикалық саясаттар мен процедураларды әзірлей білу;

• адамдарға және материалдарды жылжытуға, өндіріс алаңындағы жұмыстарды қолдауға арналған логистикалық операцияларды бағалай, түсіне, жоспарлай және жетілдіре білу;

• логистика жөніндегі мердігердің жұмысын басқара білу;

• алдыңғы қатарлы логистика мен инфрақұрылымды жоспарлай білу;

• жоба шеңберіндегі логистикалық жұмыстарды жүзеге асыра білу;

• жалпы жобаны басқару аспектілері туралы білімі;

• жоба шеңберіндегі өзге жұмыстармен өзара тәуелділікті басқару туралы білімі; мүдделі тараптармен қарымқатынас жүргізу дағдысы;

• жалпы жобаны басқару аспектілері туралы білімі және шешім қабылдауға кедергісіз ықпал ету қабілеті;

• тиімді қарым-қатынас жасау машықтары, ағылшын тілін ауызша және жазбаша жетік меңгеру дағдылары, соның ішінде презентация жасау және тиімді есеп әзірлеу қабілеті;

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)